Инструкция
Құжаттарды заңдастыруды жүзеге асыру үшін консулдық қызмет департаментіне немесе шет елдегі мекемеге мынадай құжаттар беріледі:
Жеке тұлға үшін:
- еркін нысандағы өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжаттың (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы) немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжатының көшірмесі;
- заңдастыруға жататын құжат;
- консулдық алымның төленгенiн растайтын құжат;
- өкілеттікті растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы) (заңды өкіл немесе заңдастырылатын құжат иесінің атынан сенімхат бойынша уәкілетті тұлға құжаттарды ұсынған кезде).
Заңды тұлға үшін:
- еркін нысандағы өтініш;
- уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы) немесе цифрлық құжаттама қызметінен электрондық құжат;
- заңдастыруға жататын құжат;
- консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.
- заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын «электрондық үкімет» ақпараттық жүйесінен алынған мәліметтер немесе заңды тұлғаның әрекет қабілеттілігін растайтын өзге де құжат (шетелдіктер үшін);
- уәкілеттілікті растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы) (заңды өкіл немесе заңдастырылатын құжат иесінің атынан сенімхат бойынша уәкілетті тұлға құжаттарды ұсынған кезде).
Дата обновления - 12.11.2024