Шетелде тұрақты және уақытша тұратын қазақстандықтар консулдық есептен қалай шығарылады? Қайда және қандай құжаттармен өтініш беруім керек?
1) еркін нысандағы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты;
3) Қазақстан Республикасы азаматының паспортына тұрақты консулдық есепте тұрғаны туралы мөрі бар қосымша (бар болса).
Қазақстан азаматы шетелдiк мекемелерде тiркеуден мынадай жағдайларда шығарылады:
Қазақстан аумағына тұрақты тұруға келген және шетелдегі мекемеде есептен шығарылмаған азаматтарды тіркеу есебінен шығаруды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (Консулдық қызмет департаменті) қағаз түрінде және электронды түрде электрондық үкімет порталы.
Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінде қызметті қалай алуға болады.
ҚР азаматы шет елдегі мекемеге жүгінген кезде консулдық бөлімнің қызметкері 1 жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттардың талаптарға сәйкестігін қарайды, ал келесі бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыны тіркеу есебінен шығарады.
ҚР Сыртқы істер министрлігінен қызметті қалай алуға болады
Министрлікке жүгінген кезде Консулдық қызмет департаментінің қызметкері 1 жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттардың талаптарға сәйкестігін қарайды. Министрлік бір жұмыс күні ішінде өтініш берушіге консулдық есептен шығаруды растайтын құжатты немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды және береді.
Портал арқылы қызметті қалай алуға болады
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда, көрсетілетін қызметті көрсету портал арқылы жүзеге асырылады .
Азамат порталдың жеке кабинетінде консулдық есептен шығару туралы растауды алады.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзімі шетелдік мекеме немесе Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі арқылы 2 жұмыс күнін, портал арқылы өтініш берген кезде – 1 жұмыс күнін құрайды.