ХҚБ аясында не ұсынуға болады?

Инструкция

ХҚБ қатысушысы абаттандыру бойынша жобалық ұсыныс бере алады.

Әрі қарай, сараптамалық кеңес жобалық ұсынысты іс жүзінде іске асыруға қарайды, әкімдік порталында ұсынылған идеялар үшін жергілікті тұрғындар дауыс береді, жеңімпаздар үшін конкурс жарияланады, әкімдік мердігерді тартады және бюджеттен бөлінген қаражатқа идеяларды іске асырады. Бұл ретте, әкімдіктерде жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, ХҚБ іске асырудың барлық процестерін егжей-тегжейлі көрсету мүмкіндігі қалады.

Әкімдіктер 15 қаңтарға дейінгі мерзімде жобалық ұсыныстарды қабылдау туралы ақпаратты ресми интернет-ресурста және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырады.

20 қаңтардан 1 наурызға дейін тұрғындардан жобалық ұсыныстар келіп түседі.

Сараптамалық кеңес – жобалық ұсыныстарды қарау үшін әкімдік құратын консультативтік-кеңесші орган.

Сараптама кеңесі 5 сәуірге дейінгі мерзімде келіп түскен жобалық ұсыныстарды талдауды жүзеге асырады.

Тұрғындар 24 сәуірге дейінгі мерзімде электрондық түрде дауыс беруді жүзеге асырады.

Әрі қарай сараптама кеңесі 30 сәуірден кешіктірмей тиісті шешім шығарады.

Тұрғындар мыналарға қатысты ұсыныстар бере алады:

  • аумақты көгалдандыру;
  • тротуарларды жайластыру;
  • тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;
  • ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары, көшелер және өзге де объектілер);
  • бордюрларды, брусчаткаларды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу;
  • қоқыс тастайтын жерлерді жою;
  • ортақ пайдалану орындарында күркелер, орындықтар, урналар және балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату және жөндеу;
  • аула аумақтарында және ортақ пайдалану орындарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру;
  • санитарияны қамтамасыз ету.
Дата обновления - 03.11.2023
Справочная информация
Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы
578