«Инватакси» қызметі туралы не білу керек?

Жүктеу

Кіріспе

Инватакси — белгіленген медициналық көрсетілімдері бар мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды тасымалдауға арналған мамандандырылған қызмет.

Қызметті жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) жергілікті бюджет қаражаты есебінен Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы немесе мемлекеттік сатып алу тәртібімен ұйымдастырады.

Тасымалдауды ұйымдастыру тәсіліне байланысты тапсырысты мобильді қосымша немесе диспетчерлік қызмет арқылы ресімдеуге болады.

2026 жылы Астана және Алматы қалаларында такси агрегаторларының сервистері арқылы инватакси қызметіне тапсырыс беру жөніндегі пилоттық жоба да іске асырылуда.

Қызмет көрсету тәртібі 2026 жылы қолданыстағы өзгерістерді ескере отырып, 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрықпен реттеледі.

  1. Кіріспе