Көрсетілетін қызметті алу үшін инватакси қызметін көрсететін ұйымға келесі құжаттарды тапсыруы қажет:
- өиініш (кез келген нысанда);
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы No ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 026/у нысанындағы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы міндетті талап болып табылады;
- "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығына 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектік туралы анықтама.
2, 3 және 4-тармақтарда көрсетілген құжаттар салыстыру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан соң құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушілерге қайтарылады.
Инватакси көрсетілетін қызметтері жұмыс немесе оқу кестесіне сәйкес жұмыс істейтін және оқитын мүгедектерге бірінші кезекте ұсынылады.
Басқа мүгедектер үшін инватакси қызметі олар өтініш берген ретпен көрсетіледі.