Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық болған жағдайда қайда жүгіну керек?

Жүктеу

Тұрмыстық зорлық-зомбылық болған жағдайда не істеу керек?

1-қадам. Полицияға хабарласыңыз — 102
Егер сіз зорлық-зомбылыққа ұшырасаңыз немесе оның куәгері болсаңыз, оқиға туралы 102 нөміріне хабарлаңыз.
Полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларды қабылдайды және тіркейді, оқиғаның мән-жайларын тексереді және заңнамада көзделген шараларды қабылдайды.
Заңда көзделген негіздер болған жағдайда зардап шеккен адамның жазбаша арызының болмауы өздігінен тиісті шараларды қабылдауға кедергі келтірмейді.
2-қадам. Қажет болған жағдайда жедел жәрдем шақырыңыз — 103
Жарақат алған немесе денсаулыққа қауіп төнген жағдайда медициналық көмекке жүгініңіз.
Мүмкіндігінше алған жарақаттарды растайтын медициналық құжаттарды сақтаңыз.
3-қадам. Кеңес және қолдау алу үшін хабарласыңыз — 111
Отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі «111» байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейді.
Мамандар консультациялық, психологиялық және ұйымдастырушылық көмек көрсетеді, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауға жәрдемдеседі.
4-қадам. Дағдарыс орталығынан көмек алыңыз
Қауіпсіз уақытша тұру орны, психологиялық, әлеуметтік немесе құқықтық қолдау қажет болған жағдайда мамандандырылған дағдарыс орталығына жүгінуге болады.
Жұмыс істеп тұрған орталықтар және көмек алу тәртібі туралы ақпаратты 111 нөмірі арқылы немесе жергілікті атқарушы органдардан нақтылауға болады.

Жаңарту күні: Көру саны:9562
  1. Тұрмыстық зорлық-зомбылық болған жағдайда не істеу керек?