Зорлық-зомбылық түрлері

Инструкция

Тұрмыстық зорлық-зомбылық күш көрсету, психологиялық, жыныстық немесе экономикалық зорлық-зомбылық түрінде болуы мүмкін.

  • Күш көрсету зорлық-зомбылығы - дене күшін қолданып, денені ауыртып денсаулыққа қасақана зиян келтіру.
  • Психологиялық зорлық-зомбылық – адамның психикасына қасақана әсер ету, оны қорқыту, қорлау, бопсалау немесе құқық бұзушылықтарды немесе өмірге немесе денсаулыққа қауіп төндіретін, сондай-ақ психикалық, дене және жеке басы дамуының бұзылуына әкелетін әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу (еріксіз көндіру) арқылы ар-намысы мен абыройын кемсіту.
  • Сексуалдық зорлық-зомбылық –адамның жыныстың тиіспеушілігіне немесе жыныстық еркіндігіне қауіп төндіретін құқыққа қарсы қасақана іс-әрекет, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы іс-әрекеттер.
  • Экономикалық зорлық-зомбылық – адамды заңмен көзделген құқығы бар тұрғын үйінен, тамағынан, киімінен, мүлкінен, қаражатынан қасақана айыру.

 

Дата обновления - 30.06.2023
Справочная информация
«Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы » Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214-IV Заңы.«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ЗРК Кодексі.
4405