Сәйкес келмейтін өнімдер (тауарлар) туралы ақпаратты қалай алуға болады?

Введение

Тұтынушыны сәйкессіз өнімдер (тауарлар) туралы хабардар ету үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті өнімдердің (тауарлардың) қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу кезінде анықталған халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдердің (тауарлардың) тізілімі жүргізілсе.

Тұтынушылар өнімдер (тауарлар) туралы ақпаратқа ие бола отырып, олардың денсаулығына қауіп төндіретін барлық тәуекелдерді жоққа шығарып, дұрыс таңдау жасай алады.

Осы материалда қазақстандықтардың сәйкес келмейтін өнімдер (тауарлар)
туралы толық ақпаратты қалай білуге болатынын қарастырамыз.

Өнімдердің (тауарлардың) қауіпсіздігінің мониторингі

Өнімдер (тауарлар) қауіпсіздігінің мониторингі халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді (тауарларды) әкелуді, өндіруді, қолдануды және өткізуді анықтауға, болдырмауға және жолын кесуге бағытталған іс-шаралар жүйесі болып табылады.

Мониторинг барысында анықталған халық денсаулығына тәуекел төндіретін өнімдер (тауарлар) Сәйкес емес өнімдер тізіліміне енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі бекіткен «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдердің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-229/2020 бұйрығы.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында орналастырылады .

Сәйкес келмейтін өнімдердің (тауарлардың) тізілімі дегеніміз не?

Тұтынушылар жалған және Сәйкес келмейтін өнімдер туралы ақпаратты іздеу үшін сәйкес келмейтін өнімдердің (тауарлардың) тізілімін пайдалана алады.

Сәйкес келмейтін өнімдердің (тауарлар) тізілімі қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Сәйкес келмейтін өнімдердің (тауарлардың) тізілімінде қамтылған мәлімет ашық және жалпыға қолжетімді болып табылады.

Сәйкес келмейтін өнімдер (тауарлар) туралы толық ақпаратты осы СІЛТЕМЕ арқылы алуға болады.

Сәйкес келмейтін өнімдердің тізілімі (тауарлар) келесі ақпаратты қамтиды:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес кодтауға және өнімнің штрих-кодына сәйкес өнім түрлері;

2) тауар атауы;

3) өнімді өндірушінің атауы және орналасқан жері немесе өнімді өндірушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және орналасқан жері немесе өндіруші уәкілеттік берген тұлғаның атауы мен орналасқан жері, импорттаушы ұйымның атауы мен орналасқан жері немесе тегі, импорттаушы өнімді өндірушінің аты, әкесінің аты (бар болса) және орналасқан жері;

4) шыққан елі;

5) сынама алу орны (объектінің атауы, мекенжайы);

6) жасалған күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары;

7) топтаманың немесе серияның нөмірі;

8) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері бойынша зерттеу хаттамасы;

9) қауіпсіздік және сапа көрсеткіштерінің анықталған бұзушылықтары туралы ақпарат (олардың нақты құны және рұқсат етілген стандарттар).

Жарияланған мәлімет сәйкес келмейтін өнімдер тізілімінде көрсетілген осы сериядағы (топтамадағы) өнім мен шығарылған күнінде ғана қолданылады   және таралады.

Сәйкес келмейтін өнімдердің (тауарлардың) тізілімі қандай бөлімдерді қамтиды ?

Сәйкес келмейтін өнімдер (тауарлар) келесі бөлімдерді қамтиды:

- ыдыстарға оралған алкогольді және алкогольсіз сусындар, шырындар, ауыз су;

- ет және ет өнімдері;

- құс еті және құс өнімдері ;

- балық және балық өнімдері;

- сүт және сүт өнімдері;

- жеміс-көкөніс өнімдері және өңделген жемістер мен көкөністер;

- ұн және жарма өнімдері;

- май және тоң май өнімдері;

- кондитерлік және нан-тоқаш өнімдері, басқа да тамақ өнімдері;

- жеңіл өнеркәсіп өнімдері және балалар мен жасөспірімдерге арналған бұйымдар;

- тұрмыстық химия және парфюмерия және косметика;

- химия және мұнай-химия өнеркәсібінің өнімдері;

- ойыншықтар және басқа да азық-түлік емес тұтыну тауарлары .