Нотариалдық қызмет төмендегі жағдайларда 6 айға дейінгі мерзімде тоқтатыла тұрады:
- нотариаттық қызметпен айналысу құқығына арналған лицензиядан айыру жөнiнде талап қою іс жүргізуі қозғалған;
- прокурор қылмыстық іс бойынша нотариусқа қатысты айыптау актісін, қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы бекіткен және қылмыстық істі қылмыстық заңның тиісті бабы (баптары) бойынша сотқа жіберу туралы шешім қабылданған, сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексiнің 617-бабының төртінші бөлігінде көзделген тәртіппен процестік келісім жасасумен аяқталған;
- нотариус өзiнiң тегiн, атын, әкесiнiң атын (ол бар болған жағдайда) өзгерткенi туралы мәлiметтердi аумақтық әдiлет органына бiр ай iшiнде хабарламаған;
- нотариус «Нотариат туралы» Заңға сәйкес өзiне айқындап берілген қызмет ету аумағын бұзған;
- нотариус мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға алып келген, нотариаттық әрекеттер жасаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған;
- нотариустың нотариаттық қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламасында көрсетілген мекенжайда нотариустың үй-жайы іс жүзінде болмаған;
- нотариус «Нотариат туралы» Заңның 15-бабы 4-тармағының талаптарын сақтамаған;
- «Нотариат туралы» Заңның 19-бабында көзделген шектеулер сақталмаған;
- егер нотариус нотариаттық қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабардар еткен күннен бастап үш ай өткен соң іс жүзінде нотариаттық қызметке кіріспеген;
- нотариус «Нотариат туралы» Заңның 18-бабының 1-тармағы 11) тармақшасының талаптарын сақтамаған жағдайларда.
Жалпы негіздерден басқа, Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген нотариус лицензиясының іс-әрекеті төмендегі мерзімде тоқтатылады:
- Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жағдайларды қоспағанда, кәсiпкерлiк немесе өзге де ақы төленетін қызметпен айналысқанда;
- мерзімді әскери қызметті өту;
- нотариус өз қызметін тоқтата тұрған кезеңде көрсетілген өзінің өтініші негізінде орындамау.
Лицензияларды тоқтату жүзеге асырылатын қызметті уақытша тоқтату, нотариаттық және адвокаттық қызметті жүзеге асыруға тыйым салу. Қызметті тоқтату уақытына аумақтық әділет органына мөр тапсырылады.