Неке бұзу
ЖүктеуЕгер сіз некені бұзу туралы куәлікті жоғалтып алсаңыз
Егер cіз некені бұзу туралы куәлікті жоғалтып алған болсаңыз, оның телнұсқасын алуға сұрау салуға болады. Ол үшін «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ (ХҚКО) немесе онлайн-қызмет арқылы электрондық өтінім беру қажет.
«Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ-та (ХҚКО) қажетті құжаттар:
- Өтініш;
- Жеке куәлік;
- Мемлекеттік бажды төлегені туралы түбіртек;
- Үшінші тұлғалар өтініш пен қажетті құжаттарды берген жағдайда сенімхат.
Онлайн-қызмет 2008 жылғы 1 маусымынан кейін некеге тұрған адамдар үшін қолжетімді.
