ЖКО-ға түскен жағдайда не істеу қажет

Жүктеу

Жүргізушінің ЖКО кезіндегі әрекеттері

Жол-көлік оқиғасы (ЖКО) болған жағдайда жүргізуші:

  1. Көлік құралын дереу тоқтатып, авариялық жарық сигналын қосуға және авариялық тоқтау белгісін қоюға міндетті.

  2. Зардап шеккендердің бар-жоғын тексеруге тиіс. Қажет болған жағдайда 103 нөмірі бойынша жедел медициналық жәрдемді немесе 112 нөмірі бойынша шұғыл қызметтерді шақыру қажет.

  3. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету және зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету шараларын қабылдауға міндетті.

  4. Оқиғаның мән-жайларын, автокөліктердің зақымдануын, жол белгілері мен жол таңбаларын тіркеп, куәгерлер болған жағдайда олардың байланыс деректерін жазып алуға тиіс.

  5. Егер жол-көлік оқиғасын жеңілдетілген тәртіппен ресімдеу мүмкін болмаса, 102 нөмірі бойынша полиция қызметкерлерін шақыруға міндетті.

Қандай жағдайларда ЖКО-ны полиция шақырмай ресімдеуге болады (Еурохаттама)?

Еурохаттама — полиция қызметкерлерін шақырмай және сотқа жүгінбей сақтандыру жағдайын ресімдеудің жеңілдетілген тәртібі.

Оны қолдану үшін төмендегі шарттардың барлығы бір мезгілде сақталуы қажет:

  • ЖКО-ға тек екі көлік құралы қатысқан;

  • қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ;

  • залал тек ЖКО-ға қатысқан көлік құралдарына келтірілген, үшінші тұлғалардың мүлкі зақымданбаған;

  • екі қатысушыда да көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың (КҚИ АҚЖМС) қолданыстағы шарттары бар;

  • қатысушылар арасында ЖКО мән-жайларына, кінәлі тарапқа және зақымдану сипатына қатысты келіспеушіліктер жоқ;

  • залал мөлшері 100 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) аспайды.

Еурохаттаманы қалай ресімдеуге болады?

  1. Жеңілдетілген тәртіппен ресімдеудің барлық шарттары сақталғанына көз жеткізіңіз.

  2. «Europrotocol», «DTP.kz» мобильді қосымшасын немесе басқа да көзделген цифрлық сервисті пайдаланыңыз. Егер мұндай мүмкіндік қарастырылған болса, өтінішті сақтандыру ұйымының ресми интернет-ресурсы арқылы да жіберуге болады.

  3. Сәйкестендіруден өтіңіз.

  4. ЖКО мән-жайлары туралы декларацияны толтырыңыз.

  5. Қажетті фотосуреттер мен бейнематериалдарды тіркеңіз.

  6. Декларацияны сақтандырушыға жіберіңіз.

  7. Сақтандыру ұйымының декларацияны қабылдағаны туралы хабарламасын күтіңіз.

Маңызды! Қатысушылар сақтандырушының декларацияны қабылдағаны туралы хабарламаны алғанға дейін ЖКО орнынан кетпеуі тиіс.

Қандай жағдайларда полиция шақыру қажет?

Төмендегі жағдайларда 102 нөміріне хабарласыңыз:

  • қаза тапқандар немесе зардап шеккендер болса;

  • ЖКО-ға екіден көп көлік құралы қатысса;

  • үшінші тұлғалардың мүлкі зақымданса;

  • қатысушылардың бірінде КҚИ АҚЖМС қолданыстағы шарты болмаса;

  • қатысушылар арасында келіспеушіліктер болса;

  • болжамды залал мөлшері 100 АЕК-тен асса;

  • жүргізушілердің бірінде масаң күйде болу белгілері байқалса;

  • қатысушылардың бірі ЖКО орнынан кетіп қалса;

  • басқа себептер бойынша ЖКО-ны Еурохаттама арқылы ресімдеу мүмкін болмаса.

ЖКО полицияның қатысуымен ресімделген жағдайда қызметкерлердің заңды талаптарын орындаңыз және оқиғаға қатысты құжаттарды сақтаңыз.

 
Жаңарту күні: Көру саны:17487
  1. Жүргізушінің ЖКО кезіндегі әрекеттері