Ваучер алу үшін ата-аналар ақпараттық жүйе арқылы өтінім береді. Барлық үміткерлер 21 санатқа бөлінеді, олардың әрқайсысының өз кезегі бар. Тізімдер жыл сайын жаңартылып отырады.
Егер ата-аналар баланы таңдаған ұйымға орналастыру ниетін растаған жағдайда, ваучер алынған сәттен бастап екі күн ішінде қажетті құжаттарды жинап, бес жұмыс күні ішінде мектепке дейінгі ұйыммен келісімшарт жасасуы тиіс.
Таңдаған ұйымда бос орын болмаған жағдайда, ата-аналар уақытша нұсқаны таңдап, қалаған бала бақшасына күту тізіміне өтінім қалдыра алады.
Кезекке қою үшін келесі тәсілдермен өтініш беруге болады:
Онлайн өтініш беру үшін жеке сервиске өту қажет:
Өтінімде баланың ЖСН-ін көрсету, қалауыңыз бойынша 4 мектепке дейінгі ұйымды белгілеу және оны ЭЦҚ арқылы қол қою қажет. Кезек келген кезде ата-анаға бос орындардың бар екені туралы хабарлама жіберіледі.
Осыған ұқсас мемлекеттік қызмет жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелерінде де жүзеге асырылады.
Өтінішке Алгоритмде көрсетілген құжаттарды тіркеу қажет:
Балабақшаға тек топтардың негізгі жиынтығы жүргізілген кездегі жаз мезгілінде ғана емес, жыл бойы да тіркелуге болады.
Қабылдау үшін келесі құжаттармен балабақшаға бару қажет:
Аталған құжаттар тізбесі барлық үлгідегі және түрдегі мектепке дейінгі ұйымдар үшін толық және жан-жақты болып табылады. Бұл мемлекеттік, жеке меншік балабақша болсын баланы қабылдау кезінде қандай да бір өзге құжаттарды талап етуге құқығы жоқ дегенді білдіреді
Ата-ана 2 жұмыс күні ішінде ваучерді пайдалануға келісімін растауы қажет.
Егер келісім расталмаса, ваучер қалпына келтіру мүмкіндігімен 28 күн бойы тоқтату парағына түседі.
Егер 28 күн ішінде ваучер қалпына келтірілмесе, ол жойылады.
Балабақшаны таңдау
Ваучер расталғаннан кейін ата-ана жүйеде 5 жұмыс күні ішінде:
Қажет болса, мерзімді тағы 2 жұмыс күнге ұзартуға болады.
Indigo автоматтандырылған қызметі
balabaqsha.snation.kz автоматтандырылған қызметі
Ұсынылған құжаттар:
Егер құжаттар толық және талаптарға сай болса – бала ваучер алу үшін кезекке қойылады.
Арнайы топтар мен арнайы мектепке дейінгі ұйымдарға кезектер бөлек құрылады-әр ұйым үшін өз кезегі болады.
Жүйеде ваучер ұсынылғаннан кейін ата-аналарға оны алғаны туралы хабарлама келеді.