Баланы балабақшаға қалай орналастыру керек?

Жүктеу

Баланы балабақша кезегіне қалай қою керек?

Баланы мектепке дейінгі ұйымға кезекке қою үшін ата-анасы немесе заңды өкілі көзделген ақпараттық жүйе арқылы өтініш береді.

Жалпы тәртіп

  1. eGov.kz порталына немесе жергілікті білім беруді басқару органы көрсеткен ақпараттық жүйеге өтіңіз.

  2. Көзделген тәсілмен авторизациядан өтіңіз.

  3. Мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама алу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды кезекке қою жөніндегі мемлекеттік қызметті таңдаңыз.

  4. Бала және өтініш беруші туралы мәліметтерді толтырыңыз.

  5. Қажетті деректерді көрсетіңіз және талап етілген жағдайда растайтын құжаттарды тіркеңіз.

  6. Өтінішке қол қойып, жіберіңіз.

  7. Жеке кабинетте өтініштің мәртебесін қадағалаңыз.

Егер сіздің өңіріңізде ваучерлік қаржыландыру қолданылса

Кезекке қою және кейіннен ваучер беру Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 372 бұйрығымен бекітілген пилоттық жобаның алгоритміне сәйкес жүзеге асырылады.

Кезектілік балалардың белгіленген санаттары мен ваучерлерді беру шарттарын ескере отырып қалыптастырылады.

Мектепке дейінгі білім алу үшін арнайы жағдайларды қажет ететін балаларды кезекке қоюдың ерекшеліктері көзделген.

Маңызды: ақпараттық жүйенің атауы және өтініш беру кезіндегі жекелеген әрекеттер өңірге байланысты ерекшеленуі мүмкін.

Жаңарту күні: Көру саны:26766
  1. Баланы балабақша кезегіне қалай қою керек?