Ол үшін сізге қажет:
Сақтандыру ұйымынан оның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясы бар-жоғын тексеру қажет. Мұны қаржылық реттеушінің интернет-ресурсында жасауға болады.
Шарттың талаптарын мұқият оқып шығыңыз.
Шарт үш данада жасалады: салымшы, сақтандыру компаниясы және БЖЗҚ үшін.
Зейнетақы аннуитеті шартының жасалғаны туралы ол жасалған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде БЖЗҚ-ға хабарлау қажет және ол барлық қаражатты сақтандыру компаниясына аударады. Яғни, енді сіз және сіздің жұбайыңыз немесе жақын туысыңыз зейнетақы емес, сақтандыру төлемін алатын болады. Ал сақтандыру компаниясы қаржы құралдарына инвестициялау арқылы сақтандыру сыйлықақысын басқаратын болады.
Яғни, енді сіз және сіздің жұбайыңыз немесе жақын туысыңыз тек зейнетақы ғана емес, сонымен қатар қосымша аннуитеттік төлемдер де аласыз. Бұл ретте сақтандыру компаниясы қаражатты қаржы құралдарына инвестициялау арқылы сақтандыру сыйлықақысын басқарады. Аннуитеттік төлемдер зейнеткерлікке шыққанға дейін басталуы мүмкін, бұл қосымша тұрақты кірісті қамтамасыз етеді. Зейнетақы төлемдері тағайындалғаннан кейін олар жалғасады және зейнетақымен қатар төленеді.
Сақтандыру компаниясын өзгертуге құқығыңыз бар, бұл шарт жасалғаннан кейін екі жылдан кейін ғана жасалуы мүмкін, немесе егер сіз Қазақстан азаматы болмасаңыз және басқа елге тұруға көшсеңіз және сізде бұл растайтын құжаттар болса.
Зейнетақы аннуитетін сатып алу бойынша қосымша сұрақтарыңыз болса, Fingramota Online мобильді қосымшасы арқылы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне хат жазуыңызға болады .