Айыппұлға онлайн режимінде қалай шағымдануға болады?

Введение

Әкімшілік кодексті бұзылуы тіркелген кезде бұл туралы деректер Әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізіліміне (ӘІБТ) енгізіледі.

Бұлар:

  • автокөліктің жол қозғалысы ережелерімен байланысты бұзушылықтары
  • басқа құқық бұзушылықтар (қоғамдық жерде темекі шегу, түндегі шу, алаңда қоқыс тастау және т.б. үшін).

Одан кейін құқық бұзушыға әкімшілік айыппұл салынады.

Азаматтар әкімшілік жаза қателесіп түсетін жағдайлар бар (мысалы, авткөлік бұзушылығы көлік құралын басқарған адамның кінәсінен  болмауы мүмкін), ондай жағдайда азаматтар онлайн режимінде шағымдана алады.

Бұл материалда қазіргі жағдайда айыппұлға қалай шағымдануға болатынын қарастырамыз?

Әкімшілік айыппұлға шағымдану мерзімі

Айыппұл төлеу қажеттілігі туралы нұсқамаға немесе әкімшілік хаттамаға шағымдар оларды жасаған/шығарған органға беріледі.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағым қаулының көшірмесі тапсырылған күннен бастап 10 тәулік ішінде, ал егер адам істі қарауға қатыспаған жағдайда – қаулыны алған күннен бастап беріледі.

Айыппұл төлеу қажеттілігі туралы ұйғарымға шағым, наразылық ӘҚБт К-нің 817-бабында көзделген мерзім өткеннен кейін 10 тәулік ішінде берілуі мүмкін.

Егер әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдарында және аспаптарында тіркелсе, Кодекстің қысқартылған іс жүргізу тәртібі бойынша қаралған істерді қоспағанда, іс айыппұл төлеу қажеттілігі туралы ұйғарым жеткізілген сәттен бастап 15 тәулік өткеннен кейін қаралған болып есептеледі.

 

Онлайн шағымды қалай беруге болады?

Егер айыппұлдар қате салынса, онда азаматтар Qamqor.gov.kz. портал арқылы өзі шағымдана алады.

Оның көмегімен іс материалдарымен танысуға болады. Сондай-ақ, сіз фото-бейне фиксация құралдарыарқылы тіркелген бұзушылықтар туралы ұйғарымдарды және жүктеп алуға болатын іске тіркелген файлдарды көруге болады.

 Qamqor.gov.kz сайттың басты бетінде "Әкімшілік құқық бұзушылықтарға шағымдану" қызметін таңдап, әкімшілік істер бойынша өтініш беру батырмасын басып, ЭЦҚ арқылы авторлану қажет. Содан кейін әкімшілік істі іздеу терезесі ашылады.

Бұл кезеңде іс нөмірін енгізіп, Іздеу батырмасын басу керек. Егер нөмір дұрыс көрсетілмесе, онда қате деп көрсетіледі. Егер бәрі дұрыс енгізілсе, табылған іс "өтініш беру" батырмасымен көрсетіледі.

Осы батырманы басқан кезде толтыруы қажет мәліметтер пайда болады. Онда шағымның мәні толтырылады және қажетті дәлелдер бекітіледі. Соңында өтінішке ЭЦҚ көмегімен қол қойып, қарауға жіберу керек.

Өтінішті кім бере алады?

Функционал мәселенің мәнін көрсетуге және әкімшілік іс бойынша растайтын материалдарды бекітуге мүмкіндік береді.

Өтінішті тек әкімшілік процеске қатысушылар өздерінің электрондық-цифрлық қолтаңбасының (ЭЦҚ) көмегімен бере алады. Яғни, сіз мұны туысыңыз, танысыңыз және т.б. үшін жасай алмайсыз. Өтініш сақталғаннан кейін, ол мемлекеттік органның лауазымды адамына "Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі " ақпараттық жүйесіне (ӘІБТ) мемлекеттік органның лауазымды тұлғасына түседі.

Қарау нәтижелері әкімшілік іс жүргізудің жария секторының жеке кабинетінде болады.