Онлайн шағымды қалай беруге болады?

Инструкция

Егер айыппұлдар қате салынса, онда азаматтар Qamqor.gov.kz. портал арқылы өзі шағымдана алады.

Оның көмегімен іс материалдарымен танысуға болады. Сондай-ақ, сіз фото-бейне фиксация құралдарыарқылы тіркелген бұзушылықтар туралы ұйғарымдарды және жүктеп алуға болатын іске тіркелген файлдарды көруге болады.

 Qamqor.gov.kz сайттың басты бетінде "Әкімшілік құқық бұзушылықтарға шағымдану" қызметін таңдап, әкімшілік істер бойынша өтініш беру батырмасын басып, ЭЦҚ арқылы авторлану қажет. Содан кейін әкімшілік істі іздеу терезесі ашылады.

Бұл кезеңде іс нөмірін енгізіп, Іздеу батырмасын басу керек. Егер нөмір дұрыс көрсетілмесе, онда қате деп көрсетіледі. Егер бәрі дұрыс енгізілсе, табылған іс "өтініш беру" батырмасымен көрсетіледі.

Осы батырманы басқан кезде толтыруы қажет мәліметтер пайда болады. Онда шағымның мәні толтырылады және қажетті дәлелдер бекітіледі. Соңында өтінішке ЭЦҚ көмегімен қол қойып, қарауға жіберу керек.

Дата обновления - 02.08.2023
Справочная информация
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталы"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ кодексі.
8608