Жүргізуші куәлігін алу

Жүктеу

Алғашқы рет немесе санатты ауыстыру кезінде жүргізуші куәлігін алу

«Жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның мамандандырылған бөлімдері арқылы көрсетеді.

Жүргізуші куәлігін алғаш рет алу үшін:

  1. Белгіленген даярлықтан өту.

  2. Медициналық куәландырудан өту.

  3. Теориялық және практикалық емтихандарға жазылу.

  4. Емтихандарды сәтті тапсыру.

  5. Мемлекеттік бажды төлеу.

  6. Белгіленген тәртіппен жүргізуші куәлігін алу қажет.

Қажетті құжаттар мен мәліметтер:

  • жеке басты куәландыратын құжат, оның ішінде электрондық нысанда;

  • денсаулық сақтау ақпараттық жүйесіндегі медициналық анықтама туралы мәліметтер;

  • көзделген ақпараттық жүйелердегі оқу курстарын аяқтағаны туралы мәліметтер;

  • мемлекеттік баждың төленгені туралы мәліметтер.

Қосымша санатты ашу кезінде осы санат үшін белгіленген жасқа, жүргізушілік өтілге, даярлыққа және емтихандарды тапсыруға қойылатын талаптарды орындау қажет.

Құны: 1,25 АЕК.

Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету мерзімі: емтихандарды тапсыру уақытын есептемегенде 120 минут.

Нәтижесі: жүргізуші куәлігі немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Жаңарту күні: Көру саны:34025
  1. Алғашқы рет немесе санатты ауыстыру кезінде жүргізуші куәлігін алу