Сіз ауырып қалдыңыз ба?

Жүктеу

Дәрігердің қабылдауына қалай кіруге болады?

Өз бетінше дәрігердің қабылдауына жазылу үшін жеке онлайн-сервисті пайдалануға немесе емхананың тіркеу бөліміне жүгінуге болады.

Пациент өз бетінше немесе МСАК ұйымына телефон байланысы арқылы жүгінген кезде БМСК мамандары "дәрігердің қабылдауына алдын ала жазылу" журналына жазба енгізеді және дәрігердің қабылдау кестесіне сәйкес дәрігердің қабылдау уақыты мен күні көрсетілген ауызша түрде жауап береді.

Онлайн-жазылу үшін келесі сервисті пайдалану қажет:

Көрсетілетін қызмет ЭЦҚ қажет етпейді, өтінімде күнді көрсету қажет, дәрігерді және келу уақытын таңдағаннан кейін, жеке кабинетке мәртебе түрінде хабарлама келеді.

Пациент электрондық үкімет порталы арқылы жүгінген кезде пациентке "жеке кабинетке"электрондық өтінім мәртебесі түрінде хабарлама түседі. Сұраныс қабылданғаннан кейін пациентке медициналық көмек белгіленген уақытта көрсетіледі.

Маңызды! Осы мемлекеттік қызмет арқылы дәрігердің қабылдауына жазылу үшін тиісті медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) ұйымына тіркелу қажет. Көрсетілетін көмектің түріне және медициналық көрсетілімдерге байланысты бейінді мамандарға жүгіну тәртібі медицина қызметкерінің жолдамасын талап етуі мүмкін.

 ҚР емханаларының байланыс телефондарын облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың денсаулық сақтау басқармаларының ресми сайттарынан білуге болады.

Жаңарту күні: Көру саны:779
  1. Дәрігердің қабылдауына қалай кіруге болады?