Кенеттен денсаулығы нашарлаған кезде қайда жүгіну қажет?

Инструкция

Кенеттен денсаулық нашарлап, шұғыл медициналық көмек қажет болғанда  қалалық не мобильді телефон арқылы тегін және тәулік бойы 103 телефон нөміріне хабарласып, «жедел жәрдемді» шақыру қажет. 

Жедел медициналық көмек бригадалары үлкендер мен балалардың өміріне қауіп төндіретін жағдайлар, жазатайым оқиғалар мен жіті жедел аурулар болған кезде тәулік бойы шұғыл медициналық көмек көрсетеді.

Сіз дәрігерлерге олар уақытында білікті көмек көрсету үшін барынша көмек көрсетуіңіз қажет.

Диспетчермен телефон арқылы сөйлесу кезінде жиналу, үрейленбеу және қойылған сұрақтарға нақты жауап беру керек, атап айтқанда:

  • пациенттің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жасы және жынысы;
  • науқастың жағдайы бойынша деректер және жазатайым оқиға, жарақат немесе ауру жағдайлары;
  • мекен-жайы мен телефоны, сондай-ақ пациенттің орналасқан жеріне жол жүру жөніндегі болжамды деректер.
Дата обновления - 22.08.2023
Справочная информация
221