- Өтінімдер Business.enbek.kz порталы арқылы онлайн режимде қабылданады.
- Өтінім беру үшін порталда электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы тіркеліп, өтінішті толтыру және ЭЦҚ-мен қол қою қажет.
- Өтінім сәтті тексерілгеннен кейін skills.enbek.kz онлайн-оқыту платформасына жіберіледі.
- Оқу ұзақтығы 14 күнтізбелік күнге дейін созылады. Оқу тегін.
- Оқу аяқталғаннан кейін тестілеу өткізіледі. Дұрыс жауаптардың кемінде 70%-ын жинаған қатысушыларға оқуды сәтті аяқтағаны туралы электрондық сертификат беріледі.
- Сертификат берілген күннен бастап 3 жыл бойы жарамды.
Интернетке қолжетімділік болмаған жағдайда: Өтінімді Мансап орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО), Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында және eQoldau пункттерінде беруге болады.