Кім тегін стоматологиялық көмек ала алады?
ЖүктеуКіріспе
Қазақстанда халықтың жекелеген санаттары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі шеңберінде тегін шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек алуға құқылы.
Медициналық көмек алушылардың тізбесі мен медициналық қызметтердің түрлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 840 қаулысымен бекітілген 2026–2028 жылдарға арналған медициналық көмек көрсету кепілдіктерінің бағдарламасымен, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.
Тегін стоматологиялық көмек белгіленген шарттар сақталған жағдайда және көзделген медициналық қызметтер тізбесі шеңберінде көрсетіледі.
Бұл материалда тегін стоматологиялық көмек кімдерге көрсетілетіні, қандай қызметтер қолжетімді екені және қайда жүгіну қажеттігі түсіндіріледі.
