Кім тегін стоматологиялық көмек ала алады?

Жүктеу

Стоматологиялық көмек түрлері

Стоматологиялық көмек шұғыл және жоспарлы болып бөлінеді.

Шұғыл стоматологиялық көмек

Шұғыл медициналық араласуды қажет ететін жіті аурулар, жарақаттар және басқа да жағдайлар кезінде көрсетіледі.

Мұндай жағдайларға мыналар жатуы мүмкін:

  • тістің қатты ауыруы, оның ішінде пульпит және периодонтит кезінде;

  • жақ-бет аймағының қабыну аурулары;

  • абсцестер және басқа да іріңді-қабыну процестері;

  • тістер мен жақ-бет аймағының жарақаттары;

  • шұғыл стоматологиялық емдеуді қажет ететін басқа да жағдайлар.

Медициналық көрсетілімдерге байланысты көмек ауырсынуды басуды, рентгенологиялық зерттеулерді, тістерді емдеуді, тістерді жұлуды және қолданыстағы қызметтер тізбесінде көзделген хирургиялық араласуларды қамтуы мүмкін.

Жоспарлы стоматологиялық көмек

Шұғыл медициналық араласуды қажет етпейтін аурулар мен жағдайлар кезінде көрсетіледі.

18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдерге көрсетілетін жоспарлы көмек мыналарды қамтуы мүмкін:

  • стоматолог дәрігердің қарап-тексеруі;

  • көрсетілімдер бойынша рентгенологиялық зерттеулер;

  • тісжегіні емдеу және тістерді пломбалау;

  • ауырсынуды басу арқылы тістерді жұлу;

  • қолданыстағы тізбеде көзделген басқа да стоматологиялық қызметтер.

Жоспарлы ортодонтиялық және ортопедиялық көмек балалар мен жүкті әйелдерге көрсетілетін тегін жоспарлы стоматологиялық көмектің жалпы тізбесіне кірмейді. Балаларға көрсетілетін ортодонтиялық көмектің жекелеген түрлері үшін арнайы шарттар көзделген.

Маңызды! Барлық стоматологиялық процедуралар емес, тек қолданыстағы тізбеде көзделген және медициналық көрсетілімдерге сәйкес келетін қызметтер ғана тегін көрсетіледі.

Жаңарту күні: Көру саны:12406
  1. Стоматологиялық көмек түрлері