Ерекше білім беру қажеттілігі бар баланы психологиялық-педагогикалық қолдау қалай жүзеге асырылады?
ЖүктеуПсихологиялық-педагогикалық қолдау ненің негізінде жүзеге асырылады?
Психологиялық-педагогикалық қолдау ерекше білім беру қажеттіліктерін (ЕБҚ) бағалау нәтижелері бойынша қолданыстағы Қағидалар мен ЕБҚ бағалау бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Бағалау қалай жүргізіледі?
-
Қиындықтарды анықтау. Мұғалім немесе тәрбиеші баланың оқу әрекетін, дамуын және әлеуметтік-эмоционалдық жағдайын бақылайды.
-
ППҚҚ мамандарының бағалауы. Оқуда қиындықтар болған жағдайда қызмет мамандары ата-аналардың (заңды өкілдердің) келісімімен тереңдетілген тексеру жүргізіп, ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалайды.
-
Қажетті жағдайларды айқындау. Бағалау нәтижелері негізінде балаға білім беру процесінде қажетті қолдау шаралары айқындалады.
-
Қажет болған жағдайда ПМПК-ға жүгіну. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК) өз құзыреті шегінде тереңдетілген тексеру жүргізіп, қажетті ұсынымдарды айқындайды.
-
Қолдауды ұйымдастыру. Білім беру ұйымы ППҚҚ шешімін, ПМПК ұсынымдарын және заңнамада көзделген өзге де негіздерді ескере отырып, тиісті жағдайларды қамтамасыз етеді.
Маңызды! ПМПК қорытындысы мен ППҚҚ шешімі баланың білім беру қажеттіліктерінің сипатын ескере отырып қолданылады. Кез келген педагогикалық қолдауды алу үшін әрбір балаға міндетті түрде ПМПК қорытындысы қажет деп есептеуге болмайды.
