Ерекше білім беру қажеттілігі бар баланы психологиялық-педагогикалық қолдау қалай жүзеге асырылады?

Жүктеу

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау дегеніміз не?

Психологиялық-педагогикалық қолдау мыналарды қамтиды:

  1. Білім алушыларды (тәрбиеленушілерді), оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу, оқыту және дамыту кезіндегі қиындықтарды анықтау.

  2. Оқыту үшін қажетті жағдайларды айқындау мақсатында ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау.

  3. Педагогтерге және білім алушылардың отбасыларына консультациялық-әдістемелік көмек көрсету.

  4. Табысты оқыту, тәрбиелеу, дамыту және әлеуметтендіру үшін әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық жағдайлар жасау.

Қолдау баланың жеке ерекшеліктері мен білім беру қажеттіліктерін ескере отырып ұйымдастырылады.

Қолдау кімдерге көрсетілуі мүмкін?

Атап айтқанда, мынадай білім алушыларға:

  • мінез-құлық және эмоционалдық проблемалары бар;

  • әлеуметтік-психологиялық, экономикалық, тілдік және мәдени кедергілерге байланысты қиындықтарға тап болған;

  • мүмкіндіктері шектеулі.

Жаңарту күні: Көру саны:5843
  1. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау дегеніміз не?