Балаларға арналған тегін авиаұшу: Kids go free.

Введение

Kids go free – бұл Қазақстанда ішкі туризмді ынталандыруға бағытталған отбасылық демалыс бағдарламасы. Балаларға арналған тегін авиұшу бағдарламасы (2 жастан 17 жасқа дейін қоса алғанда) Қазақстан бойынша туржолдамалар құрамында жолаушыларға субсидия бере отырып, 2022 жылғы қаңтар айынан бастап іске қосылды (ішкі туризм бойынша сапарды ұйымдастыруға лицензиялары бар туроператордан сатып алынады).

Бұл шара егер дайын турпакет туристік компаниядан сатып алынған болса, ел ішінде кәмелет жасқа толмаған балалардың демалуына ата-аналардың авибилеттер үшін төлемеуіне мүмкіндік береді.

Бұл материалда «Kids go free»  бағдарламасы қалай жұмыс істейтінін және оған қалай қатысуға болатынын қарастырамыз.

 

 

«Kids go free» бағдарламасына қалай қатысуға болады?

Қағидаларға сәйкес балаларға арналған тегін ави ұшуды алу үшін туристер туристік өнімді сатып алуға арналған ішкі туризм саласындағы туроператорға жүгінуі және Қазақстан Республикасының барлық аумағында жоспарлы демалуы қажет. Тегін авиа ұшу ішкі туризм саласындағы туроператордың қаражаты есебінен өтеді.

Осы тұрғыда:

  • бұл қадамды Қазақстан Республикасының азаматтары ғана қолданыла алады (немесе азаматтығы жоқ, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаты бар);
  • кәмелет жасқа толмаған азамат кәмелет жасқа толған туысының (ата-анасы, атасы-әжесі және басқалары) ілесіп жүруімен авиа ұшуды жүзеге асыруы тиіс;
  • бұл қадам туржолдама құрамындағы сапарларға ғана жарамды;
  • туржолдама ішкі туризм бойынша сапарларды ұйымдастыруға лицензиясы бар туроператордан сатып алынуы тиіс;
  • туржолдаманың құны балаларға арналған авиобилеттің құнынан алу арқылы төленеді.

Ең бастысы – туржолдамада авиа ұшу мен тұру құны қосылуы тиіс.

МАҢЫЗДЫ: бағдарлама туроператорлардың алдымен әуе билеттерін өз қаражаты есебінен сатып алуын, ал кейіннен бұл шығындарды, туристер әуе сапары фактісін растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда, Ережеге сәйкес мемлекет өтеуін көздейді. Ал, туроператорлардың бағдарламаға қатысуы ерікті болып табылады.

Мысалы, 2 ересек адам және 2 кәмелет жасқа толмаған баладан (7 және 10 жас) тұратын отбасы Түркістан қаласында демалуды жоспарлады. Отбасы ішкі туризм саласындағы туроператордан отбасының барлық мүшелері үшін екі жаққа авиа ұшу және тұруды қоса алғанда, құны 500 мың теңге болатын турөнімді сатып алды. Ішкі туризм саласындағы туроператор балаларға арналған тегін авиұшуды ұсынды. Барлығы, турөнім төлемінің сомасы 400 мың теңгені құрады (100 мың теңге мөлшерде балаларға арналған авиұшу құнын азайтқанда)

Туроператорлардың шығындарын өтеу механизмі

1 - туристердің демалу мерзімі аяқталғаннан кейін «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ (бұдан әрі – Ұйым) өтінімді рәсімдеу үшін құжаттар топтамасын әзірлейді.

2 - субсидия алуға өтінімді ресімдеу үшін Ұйымға қағаз немесе электронды түрде пошта арқылы немесе қолма қол тәсілмен қажетті құжаттар мен мәліметтерді жолдайды:

Орналасқан жері: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/14, каб. - 222. Электрондық мекенжайы: info@qaztourism.kz

Белгіленген құжаттар топтамасы толық болса, Ұйым оларды алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қарасатырады және ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда субсидия төлеу немесе субсидия төлеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды. 

Қабылданған шешім туралы ақпарат Ұйымның интернет-ресурсында жарияланады.

Төлем туралы шешімнің негізінде Ұйым 25  жұмыс күні ішінде субсидия сомасын туроператордың ағымдағы шотына аударады.

Жоба тұралы толық ақпарат:https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100025724

*Өтінімге қоса берілетін құжаттар тізімі:

1) заңды тұлға өтінім берген жағдайда – заңды тұлғаның құрылтай құжатының көшірмелері, жеке тұлға өтініш берген жағдайда – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғанын растайтын құжаттың көшірмесі, ал туроператордың өкілі өтінім берген кезде туроператордың мүдделерін білдіруге нотариалды куәландырылған сенімхат қосымша ұсынылады;

2) өтінім беру жоспарланып отырған айдың алдындағы айдың бірінші күнін қоса алғандағы есеп бойынша Мемлекеттік кірістер органдарына жүргізілетін берешектердің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;

3) Қазақстан Республикасының азаматы немесе Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаты бар азаматтығы жоқ кәмелетке толмаған жолаушының билеті мен жолаушылар купонының көшірмесі;

4) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттың көшірмесі (азаматтығы жоқ тұлға болып табылатын кәмелетке толмаған жолаушы үшін);

5) нотариалды куәландырылған сенімхаттың көшірмесі (егер кәмелетке толмаған жолаушы жақын туысымен тасымалданған жағдайда);

6) "Туристік қызмет көрсетуге арналған үлгілік шартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 81 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10604 болып тіркелген) сәйкес жасалған туристік қызмет көрсетуге арналған шарттың (бұдан әрі – Шарт) көшірмесі;

7) кіру және ішкі туризм саласында туроператорлық қызметті жүзеге асыруға мүмкіндігі бар лицензияның көшірмесі;

8) осы Қағидалардың 2-қосымшасында көрсетілген үлгі бойынша кәмелетке толмаған жолаушылар үшін туристік көрсетілген қызметтер туралы мәліметтер.


Туристік қоғамдастықтың кері байланысы негізінде туристерге ыңғайлы болу үшін Kids go free бағдарламасы бойынша туроператорлардың тізімі қалыптастырылды (тізім тұрақты негізде жаңартылады)

Астана қ
+7 7172 55 55 44 / ТОО Фирма Саят www.sayattravel.kz
+7 776 000 26 50 / ТОО «KITO&Co» https://www.instagram.com/kito_travel/

Алматы қ
+7 7273 47 03 02 / +7 707 307 90 85 MLtour https://mltour.kz/
+7 701 745 3330 Ozen Touristik https://ozentouristik.kz/
+7 701 984 22 66 / SkyWay www.skyway.kz
+7 747 350 20 89, +7 700 591 20 17, +7 707 625 62 38 (WhatsApp) / Touroperator KOMPAS https://online.kompastour.kz/search_tour
+7 775 109 26 44 / Beys Tour  (Sanat) http://www.sanat.kz/
+7 700 731 54 59, +7 707 319 60 09 / Rocket Go Travel http://www.rgtravel.kz/
+ 7 777 254 43 35, +7 701 204 34 39 / «Khan - Turan travel» ТОО www.khanturan.com 
+7 701 992 20 18 / ТОО Kinetica Group https://go2trip.kz/ 
+7 778 488 6915, +7 7272 970 41 28, +7 708 970 4128/ТЕНГРИ TOUR kids.tengritour@inbox.ru

Шымкент қ
+7 701 744 54 71 / Шымтур http://www.shymtour.com/
Ақмола облысы
+7 707 335 66 58 / Hangout Tour https://hangout.kz/
Атырау облысы
+7 702 827 90 91 / Afisha Travel https://instagram.com/afisha.travel?igshid=YmMyMTA2M2Y=

Шығыс Қазақстан облысы

+7 7232 52 49 12 / Турфирма Вояж https://qazvoyage.kz/  
+7 701 357 48 98 / А-тур http://a-tour.kz/ 

Маңғыстау облысы

+7 747 522 15 20 / ТОО Турист https://aktau-tourist.kz

Түркістан облысы

+7 778 004 40 53 / ТОО CityLabTurkistan https://instagram.com/visit.turkistan?igshid=YmMyMTA2M2Y=

«Kids go free» бағдарламасы бойынша туроператорлардың тізімі

Kids Go Free – бұл ішкі турзимді дамытуға арналған мемлекеттен ынталандыру шарасы. Турды осы қадамды пайдалану үшін қонақүйде немесе шипажайда не болмаса басқа орналасу орындарында тұрумен міндетті түрде туроператорлардан сатып алу қажет.

Туристерге ыңғайлы болу үшін турбірлестіктердің пікірі негізінде «Kids go free» бағдарламасы бойынша туроператорлардың тізімі жасалды (туроператорлардың тізімі ұсыныс беру сипатында жасалған және қызметтерді тұтынушылар үшін де, туроператорлар үшін де міндетті болып табылмайды, тізімге туроператорлардың ұсынысын ескерумен түзету енгізуге болады). Туроператорларды жүйеге еркін қатысады.

Туроператолардың тізімі және туроператорларға арналған бағдарламаға қатысу шарттары сілтеме бойынша қолжетімді болады