Балаларға арналған тегін авиаұшу: Kids go free.
ЖүктеуТуроператорлардың шығындарын өтеу механизмі
Субсидияны кім алады
Субсидия алушы — Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін туристік өнімді ұсынған ішкі туризм саласындағы туроператор.
1-қадам. Өтінім беріңіз
Туроператор субсидия алуға өтінімді тиісті күнтізбелік жылдың бірінші жұмыс күнінен бастап 1 желтоқсанға дейін «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-на жолдайды.
Өтінім Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пошта арқылы немесе қолма-қол қағаз не электрондық нысанда беріледі.
Әрбір туристік өнімге жеке өтінім беріледі. Бір өтінімге екі немесе одан да көп туристік өнімді енгізуге жол берілмейді.
2-қадам. Құжаттарды дайындаңыз
Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
-
Заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшірмелері немесе дара кәсіпкердің құжаттары. Өкіл арқылы берілген жағдайда — нотариат куәландырған сенімхат.
-
Өтінім берілген айдың алдындағы айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша мемлекеттік кірістер органдары есепке алатын берешектің бар немесе жоқ екендігі туралы мәліметтер.
-
Авиабилет немесе электрондық билет, маршруттық түбіртек және жолаушы купонының көшірмелері не кәмелетке толмаған жолаушының билетті пайдаланғанын растайтын авиакомпания анықтамасы.
-
Азаматтығы жоқ кәмелетке толмаған адам үшін — Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттың көшірмесі.
-
Бірге жүретін жақын туыстың туыстық дәрежесін растайтын құжаттар, сондай-ақ Қағидаларда көзделген жағдайда баланы жақын туысының алып жүруіне нотариат куәландырған сенімхат.
-
Туристік қызмет көрсету шартының көшірмесі.
-
Келу және ішкі туризм саласындағы туроператорлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмесі.
-
Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәмелетке толмаған жолаушыларға туристік қызметтер көрсету туралы мәліметтер.
-
Төлем жасалғанын растайтын бақылау-касса машинасы чегінің немесе туристік қызмет көрсету шартына қатысты төлем тапсырмасының көшірмесі.
3-қадам. Құжаттардың тексерілуін күтіңіз
«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ келіп түскен құжаттар топтамасының толықтығын олар түскен күннен кейінгі 2 жұмыс күні ішінде тексереді.
Құжаттар топтамасы толық болмаған жағдайда, жетіспейтін құжаттар көрсетілген жазбаша хабарламамен бірге құжаттар туроператорға қайтарылады.
Қайтару себептері жойылғаннан кейін туроператор құжаттарды қайта тапсыруға құқылы.
4-қадам. Шешімді алыңыз
Құжаттар топтамасы толық болған жағдайда Ұйым өтінімді қарайды және құжаттар түскен күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде субсидия төлеу немесе төлеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Құжаттардың дұрыстығына немесе түпнұсқалығына күмән туындаған жағдайда, қарау мерзімі 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
Мерзімді ұзарту туралы дәлелді шешім қабылданған сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде туроператорға жіберіледі.
Бас тарту үшін негіздер болған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес тыңдау рәсімі өткізіледі.
Қабылданған шешім туралы ақпарат шешім қабылданған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде Ұйымның интернет-ресурсында орналастырылады.
5-қадам. Субсидияны алыңыз
Оң шешім қабылданғаннан кейін уәкілетті орган субсидия сомасын «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-на аударады.
Ұйым қаражат түскеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде субсидияны туроператордың есеп айырысу шотына аударады.
Уәкілетті орган мен Ұйымның қаражат аударуын қоса алғанда, субсидияны аударудың жалпы мерзімі төлеу туралы шешім қабылданған күннен бастап 25 жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Нәтиже
Туроператор Қағидалардың талаптары сақталған жағдайда кәмелетке толмаған жолаушының авиабилетінің құны үшін өтемақы алады.
