Балаларға арналған тегін авиаұшу: Kids go free.

Жүктеу

«Kids go free» бағдарламасына қалай қатысуға болады?

Бағдарлама Қазақстан Республикасының азаматтары немесе Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаты бар азаматтығы жоқ адамдар болып табылатын 2 жастан 17 жасқа дейінгі (17 жасты қоса алғанда) кәмелетке толмаған жолаушыларға қолданылады.

Бала Бағдарлама қағидаларына сәйкес кәмелетке толған жақын туысының еріп жүруімен саяхаттауы тиіс.

1-қадам. Туроператорды таңдаңыз

Тиісті лицензиясы бар және Kids Go Free бағдарламасына қатысатын ішкі туризм саласындағы туроператорға жүгініңіз.

2-қадам. Туристік өнімді таңдаңыз

Туристік өнімнің бағдарлама талаптарына сәйкес келетініне көз жеткізіңіз:

  • саяхат Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылады;

  • баланың Қазақстан ішіндегі маршрут бойынша барып-қайту авиарейсі көзделген;

  • авиарейс эконом-класта жүзеге асырылады;

  • баланы кемінде 3 күн және 2 түн орналастыру көзделген;

  • туристік өнімді туроператор заңнамаға сәйкес ресімдейді.

3-қадам. Туристік өнімді ресімдеңіз

Туристік қызмет көрсету шартын жасасып, кәмелетке толмаған жолаушы және онымен бірге жүретін адам туралы қажетті мәліметтерді ұсыныңыз.

Егер бала жақын туысымен саяхаттаса, туыстық қатынасты растайтын құжаттар және Қағидаларда көзделген жағдайларда нотариат куәландырған сенімхат талап етілуі мүмкін.

4-қадам. Саяхатқа шығыңыз

Туристік өнімді ресімдегеннен кейін жоспарланған сапарға шығыңыз.

Туроператор авиабилеттерді ресімдеуді қамтамасыз етеді және туристік қызметтер көрсетілгеннен кейін субсидия алу үшін құжаттарды ұсынады.

Нәтиже

Белгіленген талаптар сақталған жағдайда баланың авиарейс құны Kids Go Free бағдарламасы шеңберінде субсидияланады.

Туроператорлардың бағдарламаға қатысуы ерікті негізде жүзеге асырылады.

Жаңарту күні: Көру саны:4863
  1. «Kids go free» бағдарламасына қалай қатысуға болады?