Авторлық құқықты қалай тіркеуге болады?

Жүктеу

Кіріспе

Авторлық құқық ғылым, әдебиет және өнер туындыларына таралатын зияткерлік меншіктің кең таралған түрлерінің бірі. Авторлық құқық объектілері шығармашылық еңбектің нәтижесі болуға және қандай да бір объективті нысанда (жазбаша, ауызша, дыбыс немесе бейнежазба, сурет, көлемдік-кеңістіктік немесе өзге де нысанда) өмір сүруге тиіс.

Өз кезегінде, шығармашылық жұмысы құрылған жеке тұлға ғылым, әдебиет немесе өнер туындысының авторы болып танылады.

Авторлық құқық автордың жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтарын қамтиды.

Мүліктік құқықтар автордың бүкіл өмірінде және ол қайтыс болғаннан кейін 70 жыл бойы қолданылады.

Бұл ретте жеке мүліктік емес құқықтар авторға тиесілі, иеліктен шығарылмайды және оның мүліктік құқықтарына қарамастан, айрықша құқықтар берілген жағдайда оған сақталады.

Туындыға өзінің айрықша құқығы туралы хабарлау үшін автор немесе құқық иесі туындының әрбір данасына орналастырылатын және мынадай элементтерден тұратын авторлық құқықты қорғау белгісін пайдалануға құқылы:

  • - қоршауға алынған латынша «С» әрпi;
  • - құқық иеленушінің аты немесе атауы;
  • - туындының алғаш жарияланған жылы.

Заңнамаға және халықаралық нормаларға сәйкес авторлық құқықтың пайда болуы мен жүзеге асырылуы үшін туындыны тіркеу, туындыны өзге де арнайы ресімдеу немесе қандай да бір формальдылықты сақтау талап етілмейді.

Осылайша, авторлық құқық қосымша бекітуді қажет етпейді, өйткені туындыға құқық оны құру кезінде пайда болады.

Алайда, авторлық құқықты қорғау мерзімі ішінде кез келген уақытта автор авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтер енгізуге құқылы екенін атап өткен жөн. Бұл рәсім есептік сипатқа ие және міндетті рәсім болып табылмайды және ерікті түрде жүзеге асырылады.

Бұл мақалада біз авторлық құқықты қалай тіркеуге болатынын қарастырамыз.

  1. Кіріспе