Медициналық авиацияны тарту туралы шешім қандай жағдайларда қабылданады?

Жүктеу

Кіріспе

Медициналық авиация — Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда пациенттерді тасымалдау немесе медицина мамандарын жеткізу үшін әуе көлігін тарта отырып медициналық көмек көрсету нысаны.

Медициналық авиация пациенттің жағдайы, елді мекеннің шалғай орналасуы немесе сол жерде қажетті медициналық көмектің болмауы әуе кемесін тартуды талап ететін жағдайларда қолданылады.

Мұндай көмекті көрсету тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-225/2020 «Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен белгіленген.

Медициналық авиация нысанындағы медициналық көмек белгіленген негіздер болған жағдайда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде көрсетіледі.

Бұл материалда медициналық авиация кімдерге қажет болуы мүмкін, оны тарту туралы шешімді кім қабылдайтыны және медициналық көмектің қалай ұйымдастырылатыны түсіндіріледі.

  1. Кіріспе