MАМБ дегеніміз не?

Инструкция

Әрбір өңірде облыстық және қалалық жедел медициналық жәрдем станцияларында дер кезінде және қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін медициналық авиацияның үйлестіруші-дәрігері   жұмылдырылды

Төтенше жағдайларда медициналық авиацияны медицина қызметкерлері, зардап шеккендер немесе оқиға болған жерден куәгерлер телефонның кез келген түрі бойынша «112» жедел жәрдем қызметіне, «103» қызметіне немесе арнайы құрылған медициналық диспетчерлік қызметке қоңырау шалу арқылы жүзеге асырады.

Медициналық авиацияның мобильді бригадасы (МАМБ) – жедел медициналық көмекті, сондай-ақ білікті бейінді мамандардың мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмегін тікелей көрсететін медициналық авиацияның құрылымдық-функционалдық бірлігі. Медициналық авиацияның штаттық мобильді бригадасының құрамына дәрігер мен фельдшер кіреді және патологиясының профиліне сәйкес жасақталады. Қажеттілігіне қарай бригадаға анестезиолог/реаниматолог және басқа да мамандар кіруі мүмкін.

Медициналық авиацияның Үйлестіруші ұйымдары мен бөлімшелерінде өзара тұрақты байланысты жүзеге асыратын медициналық ұйымдар, әуе кемелерін пайдаланушылар, әуе кемелерінің ұшқыштары, медициналық авиацияның мобильдік бригадасымен (МАМБ) тұрақты байланысты қамтамасыз ететін тәулік бойы диспетчерлік пункттер ұйымдастырылған.

Дата обновления - 21.02.2023
Справочная информация
Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралыҰлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы
107