Кредиттік тарихыңызды қалай білуге болады

Инструкция

Заң бойынша күнтізбелік жылда бір рет Қазақстанның әрбір азаматы өзінің кредиттік тарихын тегін біле алады. Бір күнтізбелік жыл ішінде қайта сұраныс жасаған кезде қызмет ақылы негізде ұсынылады.

Қазіргі уақытта қызметті онлайн режимінде алудың келесі әдістерінің бірін пайдалануды ұсынамыз:

  • Бірінші кредиттік бюроның сайты немесе 1CB.kz мобильді қолданбасы арқылы;
  • Дербес кредиттік есепті алу онлайн қызметі арқылы. Өтінімді толтырыңыз, электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойыңыз және нәтижені «Жеке кабинетте» көре аласыз.

Офлайн режимде қызмет жеке куәлікті көрсеткен кезде көрсетіледі:

  • "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ филиалдарында;
  • "Қазпошта" АҚ бөлімшелерінде;
  • Бірінші кредиттік бюроның кеңсесінде
Дата обновления - 02.06.2026
Справочная информация
127476