2021 жылдың қаңтар айынан бастап қазақстандықтар өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін БЖЗҚ-дан мерзімінен бұрын алуға мүмкіндік алды.
Енді азаматтар бұл қаражатты тұрғын үй жағдайын жақсарту, емделу үшін төлеу немесе инвестициялық компанияларға басқаруға беру үшін пайдалана алады.
Бұл туралы пайдалы ақпарат осы мақалада жинақталды.
Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану бойынша барлық операциялар онлайн-форматта жүргізілетін болады және ол үшін қолданыстағы электрондық цифрлық қолтаңбаның болуы талап етіледі.
Алдымен, салымшы БЖЗҚ сайтында біржолғы зейнетақы төлемінің қолжетімді сомасы туралы ақпаратты әрі қарай алуы қажет.
ЭЦҚ көмегімен уәкілетті операторлардың бірінің сайтында тіркелу қажет.
Олар келесі банктер:
"Отбасы банкінің" АҚ зейнетақы жинақтарын пайдалануға өтінім беруге арналған платформаны іске қосты. БЖЗҚ-дан ақшаны пайдалану үшін арнайы шотты Otbasy bank мобильді қосымшасы немесе банк сайтындағы бейне қоңырау арқылы ашуға болады. Бұдан кейін банк пен БЖЗҚ ұсынылған құжаттарды тексеріп, салымшының шотына өтініште көрсетілген сома түседі. 20 күн ішінде (14.12.2021 бастап әрекет етеді) алушы ақшаның мақсатты пайдаланылуын растауы керек. Содан кейін банк қаражатты арнайы шоттан сатушының шотына аударады.
Зейнетақы төлемдерін тек өзіне ғана емес, жақын туысына табыстауға да рұқсат етіледі.
Бұл ретте тұрғын үйдің болуы алудан бас тартуға себеп болып табылмайды. Бір жолғы зейнетақы төлемдерін шексіз рет пайдалануға болады.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, емделуге немесе артығын басқарушы компанияларға беруге Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) жинақтардың бір бөлігін мерзімінен бұрын алу үшін ең төменгі жеткіліктілік шегі арттырылатын болады.
Сіз пәтер, жеке тұрғын үй, жатақханадан бөлме сатып ала аласыз. Тұрғын үйді бастапқы немесе екінші нарықтан, сондай-ақ, ҚР заңнамасына сәйкес кепілдігі бар тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу арқылы салынып жатқан үйден, жекешелендіру, бөліп төлеу, айырбастау, проблемалық тұрғын үй құрылысы нысанын аяқтау үшін құрылған тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарты арқылы сатып алуға болады. Тұрғын үйді зейнетақы жинақтары есебінен немесе зейнетақы және меншікті қаражат есебінен сатып алуға болады.
Өтінім беру үшін қажетті құжаттар тізбесі:
- уәкілетті орган тіркеген тұрғын үйді сатып алу-сату, Жекешелендіру, айырбастау шарты, алушының атына ресімделген, тұрғын үйге меншік құқығын растайтын өзге де құқық белгілейтін құжаттар;
- уәкілетті органның жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы құжаты (көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу арқылы тұрғын үй сатып алу жағдайларын қоспағанда)
Көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу жолымен тұрғын үй сатып алған жағдайда:
-уәкілетті орган тіркеген тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт/цессия шарты, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты қоса бере отырып, алушының атына ресімделген, бұрынғы үлескерге ресімделген (оның ішінде электрондық нысанда);
-тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың/цессия шартының есептік жазбасы туралы үзінді (оның ішінде электрондық нысанда);
-"Қазақстан Тұрғын үй компаниясы" АҚ-мен (тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы)көппәтерлі тұрғын үй құрылысын аяқтауға кепілдік беру туралы қол қойылған шарттың болуы туралы құрылыс салушыдан анықтама/хат;
Бөліп төлеу шарты бойынша берешек толық өтелген жағдайда:
өтеу кестесімен тіркелген бөліп төлеу шарты (кесте болған жағдайда);
жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы уәкілетті органның құжаты;
сатушыдан анықтама/хат (жеке тұлға, заңды тұлға)мерзімін ұзарту шарты бойынша берешек сомасы, мерзімін ұзарту шарты бойынша берешекті өтеу үшін ЖБЕК-ні аудару қажет шоттың банктік деректемелері туралы мәліметтерді ұсынады.
Сіз кез келген банктен немесе ипотекалық компаниядан тұрғын үй, бір банктік қарыз шарты шеңберінде жөндеу жүргізілген тұрғын үй сатып алуға (оның ішінде ҚР заңнамасына сәйкес кепілдігі бар тұрғын үй құрылысының үлестік қатысуы туралы сатып алу-сату шарттары бойынша), жеке тұрғын үй құрылысына (ЖТҚ немесе ЖҚШ нысаналы мақсатындағы жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда) алған заем бойынша берешекті ішінара немесе толық өтей аласыз.
Мақсатты растауға арналған қажетті құжаттар тізімі:
Анықтамада мыналар болуы керек:
"Отбасы Банкі" АҚ клиенттері: осы мақсат бойынша өтінім бергеннен кейін сізбен банк қызметкерлері хабарласады және рәсім мен қажетті құжаттар бойынша толық кеңес өткізеді.
Сіз пәтер, жеке тұрғын үй, жатақханадан бөлме сатып ала аласыз. Тұрғын үйді бастапқы немесе қайталама нарықтан, сондай-ақ, ҚР заңнамасына сәйкес кепілдігі бар тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу арқылы салынып жатқан үйден сатып алуға болады. Сондай-ақ, бір банктік қарыз шартының аясында жөндеу жүргізу арқылы тұрғын үй сатып алуға және жеке тұрғын үй құрылысын жүргізуге (ЖТҚ немесе ЖҚШ нысаналы мақсатындағы жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда) болады.
Осы мақсат бойынша өтінім бергеннен кейін Банк қызметкерлері сізбен хабарласады және рәсім мен қажетті құжаттар бойынша толық кеңес беру өткізеді.
Егер Сіз тұрғын үй бағдарламалары мен дағдарысқа қарсы бағдарламалар аясында сатып алу құқығымен жалдау шартын жасасқан болсаңыз, онда Сіз зейнетақы жинақтары есебінен жалдау төлемдерін ішінара немесе толық төлей аласыз.
Өтінім беру үшін қажетті құжаттар тізімі:
Зейнетақы жинақтарын келесі мақсаттар үшін пайдалануға болады:
Әрбір мақсат үшін қажетті құжаттардың толық тізбесін біліп, өтінімді сіз enpf-otbasy.kz порталдан бере аласыз.
Қазіргі уақытта тек Қазақстанда емделуге ғана өтінім беруге болады! Шетелде медициналық қызмет көрсету бойынша өтініштерді қабылдау кешірек қолжетімді болады.
Зейнетақы жинақтарын емделуге пайдалану туралы өтінімді ресімдеу:
Қолжетімді сома – бұл пайдалануға болатын жеткіліктілік шегінен тыс зейнетақы жинақтарының мөлшері.
Жеткіліктілік шегі – зейнетақы жасына жеткен кезде зейнетақы төлеу үшін БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының ең аз қажетті сомасы.
Бұл соманың салымшының зейнетақы шотында болуы, салымшының табысынан БЖЗҚ-ға болашақ тұрақты жарналарымен бірге оған ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен емес зейнетақы төлемдерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Клиенттер әр жас үшін белгіленген жеткіліктілік шегінен асатын қол жетімді ақша сомасын тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу мақсатында пайдалана алады.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдан бастап тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, емделуге немесе артығын басқарушы компанияларға беруге Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) жинақтардың бір бөлігін мерзімінен бұрын алу үшін жеткіліктілік шегі арттырылатын болады. Алайда зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілігінің бұрынғы шектерінің қолданылу мерзімі 2022 жылғы 1 сәуірге дейін ұзартылды.
Сіз өзіңіздің жеткіліктілік шегін мына жерден біле аласыз.
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары жеткіліктілік шегінен жоғары тұрғын үй салымдары үшін пайдаланылуы мүмкін. Жинақтарыңызды "Отбасы банкіне" аудару үшін платформаны пайдалану қажет www.enpf-otbasy.kz.
Сондай-ақ алдын ала тұрғын үй депозитін және "Отбасы банкте" арнайы шот ашу қажет, оны онлайн ресімдеуге болады. Сондай-ақ қазақстандықтар өздерінің зейнетақы шоттарын жеткілікті жинақтардың бар-жоғын тексеруі керек.
Сайтта www.enpf-otbasy.kz "Одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылыс жинақ салымын толықтыру" батырмасы пайда болды, қазақстандықтарға ЭЦҚ пайдалана отырып авторлану қажет.
Әрі қарай, Жеке кабинетте депозиттің, арнайы шоттың болуын тексеру керек. Егер бұл алдын-ала жасалмаса, оларды ашуға тура келеді.
Осыдан кейін платформада БЖЗҚ-ға зейнетақы артығын аударуға өтінім қалыптастырылып, жіберілетін болады. Қарау мерзімі 5 жұмыс күнін құрайды. Одан кейін ақша Қазақстандықтардың "Отбасы банктегі" арнайы шотына түседі, содан кейін автоматты түрде тұрғын үй депозитіне аударылады.
Бұл қаражатқа сыйақылардың әдеттегі тұрғын үй жинақ ақшаларындағыдай ережелері қолданылатын болады, Банктің жылдық 2% мөлшеріндегі сыйақысы және мемлекеттің 20% мөлшеріндегі сыйлықақысы (200 АЕК-тен аспайтын жыл ішіндегі жинақтар сомасына) есептелетін болады.
Нәтижесінде қазақстандықтар:
- жылжымайтын мүлікті сатып алу мақсатында одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымды толықтыру. Ипотеканы үш жыл ішінде ресімдеу қажет; жеке үй салу үшін жер учаскесін сатып алу немесе өзінің жер учаскесінде жеке тұрғын үй салу.
Егер банк клиенттері артық зейнетақыны көрсетілген мерзімде пайдаланбаса, онда қаражат БЖЗҚ-ға қайтарылады.
Егер салымшылар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алуға өтінім берген болса, онда олар алу мақсатын өзгерте алады. Алайда пайдалану мақсатын растау мерзімі 20 жұмыс күніне дейін қысқарды.
Мысалы, зейнетақылық артықтар бар, бірақ қазір олардың сомасы ипотеканы ресімдеу үшін жеткіліксіз. Бұл ретте оларды алып қоюға өтінім берілген болатын. Бұл жағдайда қазақстандықтар басқа жинақтармен бірге тұрғын үй сатып алу үшін бұл қаражатты "Отбасы банк" шотына тыныш аудара алады.
БЖЗҚ-дан ақша алуға болмайтынын есте сақтаған жөн:
Сілтеме бойынша табыстау процессімен мұқият танысуыңызды сұраймыз: https://youtu.be/qAddnWdHSGA
Маңызды! Қабылдаушы тұлға екіжақты келісімді дұрыс қалыптастыру үшін сіз осы мақсатты таңдағанға дейін платформада авторизациядан өтуі тиіс.
Сіз өз әйеліңіздің/күйеуіңіздің, жақын туыстарыңыздың (олардың келісімімен) зейнетақы жинақтарын жоғарыда көрсетілген кез келген мақсаттарға пайдалана аласыз. Жақын туыстар – ол ата-ана, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір/ата-анасы бөлек аға-інілер мен апа-сіңлілер, атасы, әжесі
Зейнетақы жинақтарын беруге арналған нұсқаулық:
Сіз пәтер, жеке тұрғын үй, жатақханадан бөлме сатып ала аласыз. Тұрғын үйді бастапқы немесе екінші дәрежелі тұрғын үй нарығында сатып алуға болады. Сондай-ақ бір банкттік заем туралы келісім-шарт шеңберінде тұрғын үйді жөндеу жұмыстарымен қоса алуға болады
Мақсатты растауға арналған қажетті құжаттар тізбесі:
Сіз тек зейнетақы жинақтары немесе зейнетақы жинақтары және өз қаражатыңыз есебінен жер телімін сатып ала аласыз және/немесе жеке тұрғын үй сала аласыз.
Қаражат алу үшін қажетті құжаттар тізімі:
Жер учаскесін сатып алуға:
-уәкілетті орган тіркеген жер учаскесін сатып алу-сату шарты, айырбастау, нысаналы мақсаты бар жер учаскесіне меншік құқығын/жер пайдалану құқығын растайтын өзге де құқық белгілейтін құжаттар – алушының атына ресімделген жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық;
-жер учаскесіне жеке меншік құқығына акт, уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау)құқығына акт;
-уәкілетті органның жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары (жер учаскесіне)туралы құжаты;
Үй құрылысына:
-сәулет-жоспарлау тапсырмасы (СЖТ);
-тиісті лицензиясы бар құрылыс компаниясымен жасалған мердігерлік шарт (жеке тұрғын үй құрылысын толық аяқтауды көздейтін). Алушы құрылыс үшін соманың бір бөлігін өз қаражаты есебінен төлеп қойған жағдайда, алушының өз қаражаты есебінен ішінара төлеу фактісі тіркелген мердігерлік шартқа қосымша келісім ұсыну қажет;
-құрылыс-монтаж жұмыстарына құрылыс компаниясының лицензиясы;
-құрылыс-монтаж жұмыстары;
-алушы / құрылыс компаниясы жасаған құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге арналған шығыстар сметасы(жеке тұрғын үй құрылысын толық аяқтауды көздейтін)
-аумақтық сәулет және қала құрылысы органымен келісілген эскиздік жоба;
құрылыстың басталғаны туралы хабарлама (тек 2 қабаттан жоғары жеке тұрғын үйлер үшін).
Мақсатты растау мерзімі мердігерлік ұйымның шотына қаражат алған күннен бастап 24 айды құрайды
Мақсатты растау үшін қажетті құжаттар тізімі: