Жеке кәсіпкердің қайсысы патент бойынша жұмыс істей алады

Инструкция

«Патент бойынша АСР» арнайы режимін қолданудың басты шарты –жеке кәсіпкерлікті жүргізу, яғни жұмысшылардың еңбегін пайдаланбау.

Патентті қолданудың басқа шарттары мен қолда бар шектеулер ҚР Салық кодексінің 683-бабында бекітілген, оған сәйкес мынадай шектеулер бар:

  • табыс сомасы бойынша (жылына 3 528 АЕК дейін);
  • қызмет түрлері бойынша (ӨҚ талаптарын ескере отырып, ҚР СК 683-бабы 2-тармағының 3) тармақшасы және басқа да шектеулер).

Егер жылдық табыс белгіленген шектен асқан жағдайда, ЖК патентті қолдану құқығынан айырылады және басқа арнаулы салық режиміне, «оңайлатуға» немесе жалпыға бірдей белгіленген режимге өтуге міндетті.

Патент бойынша мынадай қызмет түрлерінің бірін немесе бірнешеуін жүзеге асыратын ЖК мынадай жұмыстарды істей алады:

  1. сылақ жұмыстары;
  2. ағаш ұстасы және плотник жұмыстары;
  3. едендерді жабу және қабырғаларды қаптау бойынша жұмыстар;
  4. бояу және шыны жұмыстары;
  5. такси қызметі;
  6. автомобиль көлігімен жүк тасымалдау;
  7. сыйақы үшін немесе келісімшарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқару;
  8. фотография саласындағы қызмет;
  9. аударма (ауызша және жазбаша) ісі;
  10. мүліктік жалдауға (жалға алуға) тапсыру;
  11. көлік құралдарын мүліктік жалдауға (жалға) беру;
  12. ойын-сауық және спорт құралдарын жалға алу және мүліктік жалдау (жалға алу);
  13. бейнежазбалар мен дискілерді жалға алу;
  14. жеке тұтынудың өзге де заттары мен тұрмыстық тауарларды жалға алу және мүліктік жалдау (жалға алу);
  15. ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын мүліктік жалдауға (жалға) беру;
  16. кеңсе машиналары мен жабдықтарын мүліктік жалдауға (жалға) беру,    
  17. есептеу техникасын қоса алғанда;
  18. спорттық білім беру және мамандарға білім беру саласындағы бос уақытты ұйымдастыру қызметтері;
  19. мәдениет саласындағы білім беру қызметтері;
  20. басқа білім беру саласындағы қызметтер;
  21. көмекші білім беру қызметтері;
  22. өнер саласындағы қызмет;
  23. компьютерлер мен перифериялық жабдықтарды жөндеу;
  24. байланыс жабдықтарын жөндеу;
  25. жеке тұтыну заттары мен тұрмыстық тауарларды жөндеу;
  26. шаштараз қызметтері;
  27. маникюр және педикюр;
  28. ветеринариялық қызметтер;
  29. жер учаскелерін өңдеу жөніндегі қызметтер;
  30. тұрғын үй-жайларды жинау және үй шаруашылығын жүргізу жөніндегі қызметтер;
  31. базарларда, вокзалдарда жүк тасу қызметтері;
  32. музыкалық аспаптарды жасау және жөндеу;
  33. үй жануарларын жаю.

Патент бойынша сауда жасауға тыйым салынады. Егер осы тізбеге енгізілмеген қызметті жүргізу анықталса, онда патент режимінен көшіру автоматты түрде жалпыға бірдей белгіленген режимге жүзеге асырылады.

Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын кәсіпкерлер қызметі жалпы пайдаланымдағы телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушілерді қоспағанда, бақылау-кассалық машиналарды міндетті түрде қолдана отырып ақшалай есеп айырысулар жүргізеді.

Агенттік шарттар (келісімдер) негізінде қызметтер көрсететін ЖК патенті негізінде арнаулы салық режимін қолдануға құқылы емес.

Дата обновления - 15.12.2023
Справочная информация
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексі, 683, 685-баптар
1886