Есептілік тапсыру мерзімдері

Инструкция

Күнтізбелік тоқсан бөлшек арнаулы салық режимін қолдану үшін салық кезеңі  болып табылады. 

Бөлшек салықтың АСР-ын қолданатын шағын және орта бизнес субъектілері ФНО 913.00 тапсырады

Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер декларацияны есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей, салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына тапсырады. 

Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларацияда көрсетілген салықтар есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей бюджетке төленеді

Дата обновления - 27.08.2022
Справочная информация
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексі
122