Шетелдік қаржыландыру мониторингі шетелден алынатын қаражатты пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанда енгізілді.
Мониторинг кәсіпкерлердің қаржы ағындарына, олардың шаруашылық қызметіне қатысты емес. Әңгіме кәсіпкерлік қызметке қатысы жоқ үкіметтік емес ұйымдарды мақсатты шетелдік қаржыландыру туралы ғана болып отыр.
Бұл материалда біз бақылауға кім түсетінін және олар қандай есептерді ұсынатындығын айтамыз.
Мониторинг жеке және заңды тұлғаларға шетелден жіберілген қаржы қаражатын қамтиды.
Мониторинг шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алған жеке және заңды тұлғаларға және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелеріне қолданылады:
Шетелдік қаржыландыру мониторингіне қатысушылар мемлекеттік кірістер органдарына есептілікті ұсыну талаптарына жатады.
ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 241 және 242 бұйрықтарымен ақша мен өзге де мүлікті алу және жұмсау туралы хабарламалардың (017.00 Т.) және мәліметтердің (018.00 Т.) тәртібі, мерзімі және нысандары айқындалды.
Субъектілер тұрғылықты/орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кіріс органдарын көздерден 1 теңгеден асатын мөлшердегі ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны туралы хабардар етеді.
Хабарлама алынуға тиісті деректер міндетті түрде толтырыла отырып, көздерден ақша және (немесе) өзге де мүлік алынған күннен кейінгі күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде ұсынылады.
Алу сомасын, міндеттемелерді орындау мерзімдерін өзгерту бөлігінде көздерден бұрын ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алу шарттарына өзгерістер енгізілген жағдайда, хабарлама алу шарттарына өзгерістер енгізілген күннен кейінгі күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде ұсынылады.
Бұдан басқа, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей жеке және заңды тұлғалар Мемлекеттік кірістер органдарына шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алу және жұмсау туралы 1 теңгеден асатын мөлшердегі мәліметтерді ұсынуға тиіс.
Көздерден ақша алынған және (немесе) жұмсалған және (немесе) өзге мүлік өткізілген күнтізбелік тоқсан мәліметтерді ұсыну үшін Есепті кезең болып табылады.
Көрсетуге жататын деректер болмаған жағдайда, бұл мәліметтер нөлдік мәндермен ұсынылады. Кешенді және тақырыптық тексерулерді жүргізу кезеңінде (ұзартуды және тоқтата тұруды ескере отырып) тексерілетін салық кезеңі бойынша бұрын ұсынылған мәліметтерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
Мәліметтер субъектілерден алынған ақша және (немесе) өзге де мүлік толық жұмсалғанға дейін берілуге тиіс.
Хабарламағаны үшін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған
Дәйексіз немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсыну қызметті тоқтата тұрып айыппұл салуға әкеп соғады
Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін 1 жыл ішінде әрекетті немесе әрекетсіздікті қайталап жасау қызметке тыйым сала отырып, айыппұл салуға әкеп соғады
Мониторингпен көзделген талаптар мыналарға қолданылмайды::