Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы не білу керек
ЖүктеуКіріспе
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) — әлеуметтік-экономикалық маңызы бар жобаларды іске асыруға бағытталған мемлекет пен жекеше әріптестің ынтымақтастық нысаны.
МЖӘ тетігі инфрақұрылымды құру, жаңғырту және пайдалану, тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында мемлекеттік және жекеше әріптестердің ресурстарын біріктіруге мүмкіндік береді.
МЖӘ жобаларын дайындау және іске асыру тәртібі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңымен және оған сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.
