Мемлекеттік-жекешелік әріптестік:
Мынадай белгілерге сәйкес келетін мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасындағы ынтымақтастық нысаны:
- мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасында инвестициялық және пайдалану кезеңдерінің болуы
- мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу арқылы мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес қатынастарын құру;
- мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудың орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді мерзімі (мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының ерекшеліктеріне қарай бес жылдан отыз жылға дейін);
- мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға бірлесіп қатысуы;
- мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің ресурстарын біріктіру;
- мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін жекеше әріптестің инвестицияларды жүзеге асыруы.
МЖӘ-нің негізгі міндеттері:
- Қазақстан Республикасының орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің тиімді өзара іс-қимылы үшін жағдайлар жасау;
- халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету инфрақұрылымы мен жүйелерін дамыту үшін мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің ресурстарын біріктіру арқылы мемлекет экономикасына инвестициялар тарту;
- халықтың, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғалардың мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасының деңгейін арттыру;
- Қазақстан Республикасында жалпы инновациялық белсенділікті арттыру, оның ішінде жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін өндірістерді дамытуға жәрдемдесу.
Мемлекет кәсіпкер-жеке әріптеске мынадай түрде қолдау көрсетеді:
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заттай гранттар беру;
- МЖӘ жобаларын бірлесіп қаржыландыру;
- МЖӘ жобасын іске асыру барысында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің белгілі бір көлемін мемлекеттің тұтыну кепілдіктері;
Келесі формаларға қатысады:
- ҚР жер заңнамасына сәйкес жер учаскелерін беру;
- мемлекеттік меншік объектілерін пайдалану құқығын беру;
- МЖӘ объектісін инженерлік және көліктік коммуникациялармен қамтамасыз ету;
Сондай-ақ МЖӘ жобасы бойынша инвестициялық және операциялық шығындардың өтемақысын, МЖӘ туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік меншіктегі МЖӘ объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақыны және т.б. ұсынады.
Кәсіпкер өз тарапынан мынадай нысандарға қатысады:
-МЖӘ жобаларын қаржыландыру;
-МЖӘ объектілерін жобалау, салу, құру, реконструкциялау, жаңғырту және пайдалану;
-МЖӘ жобаларын басқару.
жасалған МЖӘ шарты шеңберінде тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Өз қаражатынан басқа, МЖӘ жобаларын қаржыландыру көздері болуы мүмкін:
-қарыз қаражаты;
-шарт талаптарында көзделген көлемде мемлекеттік бюджет қаражаты;
-квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты;
-заңдарда тыйым салынбаған өзге де құралдар.
МЖӘ заңмен реттеледі.