Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы не білу керек
ЖүктеуҚандай объектілер МЖӘ-ні іске асыру үшін беруге жатпайды?
Қазақстан Республикасының заңнамасында жекелеген объектілерді мемлекеттік-жекешелік әріптестікті (МЖӘ) іске асыру үшін беруге шектеулер белгіленген.
Мұндай объектілердің тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қарашадағы № 710 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін беруге жатпайтын объектілердің тізбесін бекіту туралы» қаулысымен бекітілген.
Атап айтқанда, тізбеде жерге, суға, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға және басқа да объектілерге қатысты шектеулер көзделген.
Бұл ретте заңнамада жекелеген ерекшеліктер, оның ішінде МЖӘ шартын іске асыру үшін уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын беруге қатысты ерекшеліктер көзделген.
Жобаны дайындау алдында жоспарланған объектінің МЖӘ-ні іске асыру үшін беруге жатпайтын объектілер тізбесіне кіретін-кірмейтінін тексеру қажет.
