Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы не білу керек

Жүктеу

МЖӘ нысандары мен түрлері қандай

Қазақстан Республикасының заңнамасында институционалдық және келісімшарттық мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) көзделген.
Институционалдық МЖӘ жобаны заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік және жекеше әріптестердің мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясына қатысуы арқылы іске асыруды көздейді.
Келісімшарттық МЖӘ мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты негізінде жүзеге асырылады.
Жобаларды дайындау ерекшеліктері, жекеше әріптесті айқындау тәсілдері, конкурс (аукцион) және тікелей келіссөздер өткізу тәртібі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңымен және МЖӘ жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларымен реттеледі.
Жобаларды жоспарлау және іске асыру мәселелері жөніндегі негізгі заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 16 маусымдағы № 52 бұйрығы (кейінгі өзгерістерімен).
Жоспарланған және іске асырылып жатқан МЖӘ жобалары туралы ақпарат қолданыстағы ақпараттық қамтамасыз ету қағидаларында көзделген тәртіппен, оның ішінде МЖӘ веб-порталын пайдалану арқылы орналастырылады.

Жаңарту күні: Көру саны:2007
  1. МЖӘ нысандары мен түрлері қандай