Ағзаларды трансплантаттау - ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) организмнің басқа жеріне немесе басқа организмге ауыстырып салу.
Ағзаларды трансплантаттау кез келген адамға, ересек адамға да, балаға да қажет болуы мүмкін, ешкім денсаулығынан айырылудан сақтандырылмаған.
Көптеген аурулар адам ағзасының жұмысын тоқтатып, оны ауыстырып салу қажеттілігіне әкеп соқтыруы мүмкін.
2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша ағзалардың әлеуетті реципиеттерінің бірыңғай тізілімінде (күту парағы) донорлар мен реципиенттерді есепке алудың медициналық ақпараттық жүйесінің көмегімен 4 мыңға жуық қазақстандық тұрады, олардың арасында 102 бала ағзаларды ауыстыруға аса мұқтаж.
Басқа органдарға қарағанда қазақстандықтарға бүйрек трансплантациясы – 91,3%, бауыр – 4,7%, жүрек – 3,4%, өкпе – 0,5%, өкпе-жүрек кешені – 0,1% қажет. Қазақстанда жүрек, өкпе, бауыр, бүйрек, ұйқы, ұйқы безі транспланталияланады.
2012 жылдан бастап 2753 ағза трансплантациясы жүргізілді, оның ішінде тірі донорлардан – пациенттердің 83,9% және қайтыс болғаннан кейінгі донорлардан – 16,1%.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-171/2020 бұйрығымен Донордан ағзаларын және тіндерін трансплантаттауға рұқсат етілетін инфекциялық жұқпалы аурулардың тізбесі бекітілді.
Кодекстің 212-бабы 3-тармағына сәйкес, қайтыс болғаннан кейінгі донордан ағзаларын және тiндерiн трансплантаттау үшін алуға, егер алу кезінде медициналық ұйым осы адам тірі кезінде не ол қайтыс болғаннан кейін, жұбайы (зайыбы), ол болмаған кезде – жақын туыстарының бірі оның ағзаларын және тiндерін алуға өзінің келіспейтіні туралы мәлімдегенінен хабардар болса, жол берілмейді.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 209-бабы 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, трансплантациялаған кезде:
Қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа өз еркін білдіру құқығын тіркеуді Қазақстан Республикасының азаматы екі жолмен жүзеге асыра алады:
Ол үшін өтініш беруші порталға кіріп, қызметке тапсырыс беру тиіс.
Содан кейін барлық қажетті өрістер толтырылады және ЭЦҚ-мен өтінімге қол қойылады, бірнеше минуттан кейін мәртебе жаңартылады және екі тілде ерік білдіру туралы куәлік қолжетімді болады.
Өтініште барлық ағзаларды немесе кейбір нақты ағзаны пайдалануға рұқсат беруге болады. Кейіннен шешіміңізді шексіз рет өзгертуге болады.
Өтініш мерзімсіз болады, яғни оны біраз уақыттан кейін жаңарту немесе растау қажет емес. Шешім адамның соңғы тіркелген өтініші негізінде қабылданады.
Келісімді немесе бас тартуды кім тіркегені туралы ақпарат жабық. Бұл деректерге тек үш республикалық үйлестірушілер ғана қол жеткізе алады және де адам қайтыс болғаннан кейін ғана.
Дербес деректерді қорғау Кодекске және «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы Заңының 29-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Кодекстің 212-бабының 2-тармағына сәйкес «Ағзалардың және тіндердің қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына адамның тірі кезінде ерік білдіруін беру және бұл жөнінде жұбайын (зайыбын) немесе жақын туыстарының бірін хабардар ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-308/2020 бұйрығы әзірленді.
Ағзаны трансплантаттау қажеттілігі туралы шешімді мультипәндік топ қабылдайды - пациент денесінің функциялары мен құрылымдарының бұзылу сипатына, оның клиникалық жағдайының ауырлығына байланысты қалыптасатын әртүрлі мамандар тобы. Егер олар трансплантаттауға көрсеткіштерді растаса, онда ақпаратты транспланттаушы үйлестірушілерге жібереді. Пациент күту парағына енгізіледі. Ол қайтыс болғаннан кейінгі донордан тіндік үйлесімділігі бар қажетті ағза пайда болғанша сол жерде болады.
Ағзаларды трансплантаттауды күту парағы – Қазақстанда ортақ.
Күту парағында транспланттау қажеттілігі туралы нақты шешім қабылданған адамдар тұрады (өңірдің денсаулық сақтау басқармасының немесе транспланттау орталығының жанындағы мультипәндік топтың хаттамалық шешімі, пациенттің медициналық картасынан үзінді көшірме (027/у нысаны) (қан тобын, резус факторын, пациенттің бойы мен салмағын көрсетумен, транспланттауға қарсы көрсетілімдердің болмауы), жеке куәлік.
Күту парағына енгізу үшін негіз:
1) өңірдің денсаулық сақтау басқармасының немесе транспланттау орталығының жанындағы мультипәндік топтың қорытындысы;
2) пациенттің дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімі;
3) пациент туралы мәліметтер болып табылады.
Осыған байланысты трансплантаттау үшін көрсетілімдер болған кезде тиісті комиссияға жіберу туралы мәселені шешу үшін тіркелген жері бойынша МСАК ұйымына учаскелік немесе отбасылық дәрігерге жүгінген жөн.
Күту парағында вирусты гепатитпен (В, С), кез келген жерде орналасқан туберкулезбен, АИТВ инфекциясымен, мерезбен жұқтырған ықтимал реципиенттердің ағзаны дені саудан ғана емес, дәл осындай диагнозы бар жұқтырған қайтыс болғаннан кейінгі донордан да алу мүмкіндігі бар (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-171/2020 бұйрығы).
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 210-бабына және 212-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес тірі (тірі кезіндегі донор) және қайтыс болған адам (қайтыс болғаннан кейін донор) донор бола алады.
Төмендегі талаптарға сәйкес тұлға ағза мен тіндердің тірі кезіндегі доноры бола алады:
Қазақстанда тірі кезіндегі донордан ағзаны (ағзаның бөлігін) ауыстырып салу туралы шешімді Этикалық комиссия қабылдайды, ол теріс пайдалануды болдырмау және қауіпсіздікті арттыру мақсатында жоғарыда аталған барлық растайтын құжаттарды қарайды, ықтимал реципиент пен тірі кезіндегі донор арасындағы генетикалық байланысты белгілейді.
Қайтыс болғаннан кейінгі донор - 18 және одан жоғары жастағы, ағзалары (ағзасының бөлігі) және (немесе) тіні (тінінің бөлігі) реципиентке транспланттау үшін пайдаланылуы мүмкін, бас миының біржола семуі расталған адам бола алады. Қайтыс болғаннан кейінгі бір донор донордың органдары шамамен 7 адамның өмірін құтқара алады.