Ағзаларды трансплантаттау туралы не білу керек
ЖүктеуТрансплантаттауды күтетіндердің тізіміне қалай енуге болады
Ағзаларды трансплантаттауды күту парағы — медициналық көрсетілімдер бойынша ағзаны ауыстырып салуды қажет ететін пациенттерді есепке алу жүйесі.
Күту парағына қалай енгізілуге болады?
1-қадам. Дәрігерге жүгініңіз
Трансплантаттауды қажет етуі мүмкін ауру болған жағдайда өзіңіз тіркелген емханадағы учаскелік немесе отбасылық дәрігерге не емдеуші бейінді маманға жүгініңіз.
2-қадам. Медициналық зерттеп-қараудан өтіңіз
Дәрігер денсаулық жағдайын бағалау және трансплантаттауға медициналық көрсетілімдерді анықтау үшін қажетті зерттеп-қараулар мен консультацияларды ұйымдастырады.
3-қадам. Мамандардың қорытындысын алыңыз
Трансплантаттау қажеттілігі туралы шешім мамандардың мультидисциплинарлық тобы медициналық құжаттарды қарау нәтижелері бойынша қабылданады.
Қажет болған жағдайда қарсы көрсетілімдерге және операция жүргізу мүмкіндігіне қосымша бағалау жүргізіледі.
4-қадам. Құжаттарды ресімдеңіз
Күту парағына енгізу үшін қағидаларда көзделген медициналық құжаттар мен пациент туралы мәліметтер, оның ішінде мамандардың қорытындысы және дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім ресімделеді.
5-қадам. Күту парағына енгізу
Медициналық көрсетілімдер расталғаннан және қажетті талаптар орындалғаннан кейін пациент туралы мәліметтер белгіленген ақпараттық жүйеде тіркеу үшін беріледі.
6-қадам. Трансплантаттау мүмкіндігі туралы шешімді күтіңіз
Донорлық ағзаны іріктеу медициналық өлшемшарттарды, үйлесімділікті және басқа да белгіленген талаптарды ескере отырып жүргізіледі.
Күту парағына енгізілу трансплантаттаудың белгілі бір мерзімде жүргізілетініне кепілдік бермейді.
Маңызды! Күту кезеңінде емдеуді жалғастыру, тағайындалған зерттеп-қараулардан өту және денсаулық жағдайы мен байланыс деректеріндегі өзгерістер туралы емдеуші дәрігерге уақтылы хабарлау қажет.
