Жеке медициналық кітапшаның болуы кімге қажет?
ЖүктеуКіріспе
Жеке медициналық кітапша (ЖМК) — міндетті медициналық қарап-тексерулердің нәтижелері және жұмысқа жіберу туралы қорытынды қамтылған электрондық құжат.
ЖМК заңнамада міндетті медициналық қарап-тексерулер көзделген белгілі бір кәсіптер мен қызмет салаларының жұмыскерлеріне қажет.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу және жүргізу электрондық форматта жүзеге асырылады.
ЖМК ресімдеу тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № ҚР ДСМ-196/2020 бұйрығымен, ал міндетті медициналық қарап-тексерулерден өтуге тиіс жұмыскерлердің санаттары, тексерулердің көлемі мен мерзімділігі № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығымен белгіленген.
Бұл материалда ЖМК кімдерге қажет екені, оны қалай ресімдеуге болатыны, оған қандай мәліметтер енгізілетіні және медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайда қандай шектеулер қолданылатыны түсіндіріледі.
