Скринингтен кім және қашан өту керек
ЖүктеуКіріспе
Скрининг — ауру белгілері жоқ адамдарды профилактикалық тексеру. Ол аурулар мен олардың даму қаупінің факторларын ерте кезеңдерде анықтауға көмектеседі.
Қазақстан Республикасында скринингтік зерттеулер халықтың белгілі бір жас және нысаналы топтары үшін кейінгі өзгерістерді ескере отырып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
Скринингтер зерттеу түріне байланысты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі шеңберінде жүргізіледі.
Бұл материалда кімдердің скринингтен өтуі қажет екені, қандай аурулар анықталатыны, тексерулердің қандай мерзімділікпен жүргізілетіні және нәтижелерді қалай алуға болатыны түсіндіріледі.
