Жіті аурулар анықталған кезде тексеру жүргізіледі, емделуші толық сауығып кеткенге дейін оның денсаулығының жай-күйін кейіннен бағалай отырып емдеу тағайындалады.
Созылмалы аурулар анықталған кезде пациенттер "Динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-109/2020 бұйрығына сәйкес есепке алынуға және динамикалық байқауға жатады.
Онкологиялық ауру анықталған кезде пациент "Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № ҚР ДСМ-112 бұйрығына сәйкес одан әрі тексеруге жіберіледі.