Скринингтен кім және қашан өту керек
ЖүктеуҚай жастағы ересектерге скрининг жүргізіледі
Скринингтік зерттеулер жүргізілетін жас топтары мен олардың мерзімділігі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 10 шілдедегі № 75 бұйрығымен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, № ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығымен белгіленген.
Жүрек-қантамыр ауруларына, қант диабетіне және глаукомаға скрининг
40 жастан 76 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер — тиісті жұп жасқа толатын жылы 2 жылда бір рет.
Ми қан айналымының бұзылыстарына скрининг
50 жастан 76 жасқа дейінгі ерлер — тиісті жұп жасқа толатын жылы 2 жылда бір рет.
Сүт безі обырына скрининг
40 жастан 76 жасқа дейінгі әйелдер — тиісті жұп жасқа толатын жылы 2 жылда бір рет.
Жатыр мойны обырына скрининг
30 жастан 74 жасқа дейінгі әйелдер — 30, 34, 38, 42, 46, 50, 54, 58, 62, 66, 70 немесе 74 жасқа толатын жылы 4 жылда бір рет.
Колоректалдық обырға скрининг
50 жастан 76 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер — тиісті жұп жасқа толатын жылы 2 жылда бір рет.
В және С вирустық гепатиттеріне скрининг
Созылмалы В және С вирустық гепатиттері бойынша динамикалық бақылауда тұрмайтын және жүктілік бойынша есепте тұрмайтын 18 жастан асқан ерлер мен әйелдер — 3 жылда бір рет.
Өкпе обырына скрининг
50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68 және 70 жастағы ерлер мен әйелдер — белгіленген қауіп өлшемшарттарына сәйкес келген жағдайда 2 жылда бір рет.
Нысаналы топқа бронхтар мен өкпенің қатерлі ісіктері бойынша динамикалық бақылауда тұрмайтын мынадай адамдар жатады:
-
темекі шегу өтілі кемінде 20 қорап-жыл болатын, темекі шегуді жалғастырып жүрген немесе темекі шегуді тоқтатқанына 15 жылдан аспаған адамдар;
-
және (немесе) соңғы 10 жыл ішінде заңнамада айқындалған кәсіптер бойынша зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеген адамдар.
Маңызды! Жасты айқындау кезінде азаматтың белгіленген жасқа толатын күнтізбелік жылы ескеріледі. Скрининг тиісті ауру бойынша динамикалық бақылауда тұрмаған жағдайда жүргізіледі.
