Скринингтен кім және қашан өту керек

Жүктеу

Скринингтен кім өте алады

Скринингтік зерттеулер ауру белгілері жоқ халықтың белгілі бір жас және нысаналы топтары арасында жүргізіледі.

Кімдер скринингтен өтуге жатады?

  • Жүрек-қантамыр ауруларын, қант диабетін, глаукоманы және онкологиялық ауруларды ерте анықтау үшін белгіленген жас топтарына кіретін ересектер.

  • В және С вирустық гепатиттеріне скрининг жүргізудің белгіленген өлшемшарттарына сәйкес келетін 18 жастан асқан ерлер мен әйелдер.

  • Өкпе обырының даму қаупі жоғары белгілі бір топтарға жататын адамдар.

  • Қолданыстағы қағидаларға сәйкес нысаналы топтарға жатқызылған басқа да адамдар.

Скринингтен қалай өтуге болады?

  1. Өзіңіз тіркелген емханаға жүгініңіз.

  2. Ағымдағы жылы скринингтік зерттеуден өтуге жататыныңызды нақтылаңыз.

  3. Тексеруден өтетін күн мен уақытты келісіңіз.

  4. Көзделген зерттеулерден өтіңіз.

  5. Медицина қызметкерінің қорытындысы мен ұсынымдарын алыңыз.

Медициналық ұйымдар нысаналы топтардың тізімдерін өз бетінше қалыптастырады және азаматтарды скринингтен өтуге шақырады.

Скринингтік зерттеулер амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарда, оның ішінде жылжымалы медициналық кешендер мен медициналық пойыздарды пайдалану арқылы жүргізіледі.

Балалар скринингі

Балаларды профилактикалық медициналық қарап-тексерулер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № ҚР ДСМ-264/2020 бұйрығымен бекітілген жеке қағидалармен реттеледі.

Маңызды! Жұмыс беруші еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс орны мен орташа жалақысын сақтай отырып, қызметкердің жұмыс уақытында көзделген скринингтік зерттеулерден өтуіне жағдай жасауға міндетті.

Жаңарту күні: Көру саны:6124
  1. Скринингтен кім өте алады