Форс-мажорды куәландыру бойынша қызметтердің құны қандай

Инструкция

Еңсерілмес күш (форс-мажор) мән-жайларының және "Hardship" мән-жайларының туындауын куәландыруды УТК өтініш берушімен жасалған шарт негізінде ақылы негізде жүзеге асырады.

2020 жылғы 30 қазаннан бастап "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы Басқармасы Төрағасының бұйрығымен Мемлекеттік сатып алу, квазимемлекеттік сектордың сатып алуы, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану саласындағы міндеттемелерді орындайтын кәсіпкерлер үшін еңсерілмейтін күш (форс-мажор) жағдайларын куәландыру рәсімі өтеулі негізде жүзеге асырылады.

Еңсерілмес күш мән-жайларын куәландыру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны мыналарды құрайды:

 - құжаттарды құқықтық талдау-15 АЕК;
 - еңсерілмес күш (форс-мажор) және "Hardship"жағдайларын куәландыру:

1) Мерзімі өткен міндеттеменің сомасы қоса алғанда 100 000 теңгеге дейін болған кезде-куәландыру құны құқықтық талдау құнына кіреді;

2) мерзімі өткен міндеттеме сомасы 100 000 теңгеден жоғары болған кезде - шарт (келісімшарт) бойынша мерзімі өткен (орындалмаған) міндеттеме сомасының 1% - ы, бірақ 850 АЕК-тен аспайды.

Қызметтердің құны ҚҚС - сыз көрсетілген.

Дата обновления - 12.11.2021
Справочная информация
65