Елді мекенде ағаш кесу қалай жүргізіледі?
ЖүктеуАғаштарды заңсыз кескені үшін қандай жауапкершілік көзделген?
Қазақстан Республикасының заңнамасында ағаштар мен бұталарды заңсыз кескені, жойғаны немесе зақымдағаны, сондай-ақ жасыл екпелерді күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бұзғаны үшін жауапкершілік көзделген.
Құқық бұзушылықтың сипатына қарай мынадай нормалар қолданылады:
-
ҚР ӘҚБтК-нің 381-1-бабы — ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау;
-
ҚР ӘҚБтК-нің 386-бабы — жасыл екпелерді күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бұзу.
Жауапкершілік мөлшері құқық бұзушылық құрамына, келтірілген залалға, құқық бұзушының мәртебесіне және заңнамада көзделген басқа да мән-жайларға байланысты болады.
Қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болған жағдайда жауапкершілік мәселесі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес қаралады.
Ағаштарды кесер алдында рұқсат алу қажеттілігін және өтемдік отырғызуға қойылатын талаптардың сақталуын тексеру ұсынылады.
