Қандай жағдайларда жасыл желектерді кесуге рұқсат етіледі

Инструкция

Ағаштарды кесу келесі жағдайларда жүзеге асырылады:

  • бекітілген және келісілген қала құрылысы құжаттамасында көзделген құрылыс қызметін, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
  • инженерлік-абаттандыру объектілеріне техникалық қызмет көрсету, инженерлік желілерді, жерасты және жерүсті коммуникацияларын қайта жаңарту және орнату;
  • авариялар мен төтенше жағдайларды, оның iшiнде инженерлiк құрылыстар мен инженерлiк желiлердi жою;
  • қолданыстағы объектілердің аумағын абаттандыру және оларды эстетикалық келбетке келтіру, жасыл желектердің сапасы мен түрлік құрамын жақсарту қажеттілігі;
  • адамдардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне қатер төндіретін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне зиян келтіретін ағаштарды санитарлық кесу;
  • жалпы пайдаланудағы ағаштар мен бұталардың өсуі.
Дата обновления - 15.11.2024
Справочная информация
Елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы
1726