қарыздың мақсатты бағыты – қайталама тұрғын үйді сатып алу;
бастапқы жарна – қарыз сомасының 20%-дан 50%-ға дейін;
қарыз мөлшерлемесі – жылдық 18%;
қарыздың ең жоғары сомасы – 50 000 000 теңгеге дейін;
қарыз мерзімі – 19 жылға дейін.
мақсатты бағыты – пайдалануға берілген бастапқы тұрғын үйді сатып алу;
бастапқы жарна – қарыз сомасының 0%-дан 50%-ға дейін;
қарыздың ең жоғары сомасы:
бастапқы жарна 0%-дан 20%-ға дейін болған жағдайда:
Астана және Алматы қалалары үшін – 36 000 000 теңгеге дейін;
өзге өңірлер үшін – 30 000 000 теңгеге дейін;
бастапқы жарна 20%-дан 50%-ға дейін болған жағдайда – 80 000 000 теңгеге дейін;
қарыз мөлшерлемесі – жылдық 9%;
қарыз мерзімі – 19 жылға дейін.
«Наурыз» бағдарламасының «Наурыз Әскери» кіші бағдарламасына сәйкес тұрғын үй төлемдерін алушылар мен олардың отбасы мүшелерінің (жұбайы, кәмелетке толмаған балалары) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығымен тұрғын үйінің болмауы, сондай-ақ соңғы 5 (бес) жыл ішінде тұрғын үйді иеліктен шығару фактілерінің болмауы туралы талап көзделген.
Бұл талап «Наурыз» бағдарламасының мемлекет тарапынан субсидияланатын әлеуметтік тұрғын үй бағдарламасы болуына байланысты енгізілген. Бағдарлама сатып алынатын тұрғын үйі алғашқы баспана болып табылатын отбасылардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған.